«Мені «сиыр» дейтін»: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы көрген қорлығын айтып берді

21.01.2024, 16:14
11760
«Мені «сиыр» дейтін»: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы көрген қорлығын айтып берді видеодан алынған кадр

Балалар үйіндегі қорлықты жайып салды.

Smart News басылымының хабарлауынша, «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасында шетелдіктер асырап алған қазақ қызы тәрбиешілерден көрген қорлығын айтып берген. Бұл туралы Bugin.kz порталы жазды. 

Джорджия штатында тұратын Динараның балалар үйінде көрген қорлығы әлі есінен кетпеген. Қостанайлық Динараның есімі шетелге көшкеннен кейін де өзгермеген. Ол Америкаға 6 жасында келген. 

«Кейде мен басқа елден асырап алынған қыз екенімді ұмытып кетем. Балалар үйінде көп қиындық көрдім. Туған шешемді көп күттім. Ол келмеді. Құдай жарылқап, ата-аналы болдым. Олар мені алып кеткенде, екінші рет өмірге келгендей болдым. Тілді тез үйреніп алдым», - дейді Динара.

Бірақ оның бұл бал өмірі жоғары сыныпқа барғанда үзіліп кеткендей болған.

«Жоғары сынып оқып жүргенде ата-анам ажырасып кетті. Сондай күйзелістегі уақыт болды. Бірақ қазір бір нәрсеге көзім жетеді. Анам да, әкем де бақытты. Өз теңдерін тапты. Олар менсіз жаңа өмір бастады. Бірақ менің оған өкпем жоқ. Бәрін жақсы көремін», - деді ол.

Динара балалар үйіндегі көрген қиыншылығын да айтып берді.

«Мені 1-2 жасымда тастап кеткен. Нағыз ана керек кезінде тастап кетті. Мені киіндіретін, тамақтандыратын жайлы ортаның болғанын қалайтынмын. Үнемі ауыса беретін тәрбиешілер болды. Күн күркіресе «бұдан қорықпа» дейтін адам болмады жанымда. Біз бір отар қой болдық. Қайда айдаса, сонда барамыз. Ешқайсымызға мейіріммен қарамайтын. Үлкен апайлар мені «сиыр» деп айтатын. Ойлаңызшы?! Тәрбиешілер мені жек көретін. Жақсы тәрбиешілер де болды. Бірақ жамандары біздің үстімізден күлетін. Таяқпен сабайтын. Тіпті бір баланың үстіне үтік басқанын өз көзіммен көрдім», - деп жылап қалды Динара.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды