1177

Министрліктегі ауыс-түйістер қалай өзгерді

Президент 1 қыркүйектегі жолдауында бірқатар министрді жұмыс орнынан босатқан еді. Қазір лауазымдарға өзгерістер еніп жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Министрліктегі ауыс-түйістер қалай өзгерді
aqorda_resmi

Кеше Тоқаев Президент Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына кіреді:

▪️Президент Әкімшілігінің Басшысы;
▪️Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
▪️Президент Кеңсесінің Бастығы;
▪️Президенттің көмекшілері;
▪️Президенттің кеңесшілері;
▪️Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
 
Ақорданың хабарлауынша, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары алынып тасталды.

Президент Әкімшілігінің қайта құрылуына байланысты қызметінен босатылғандар:

•Тимур Сүлейменов – Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары;

•Ержан Жиенбаев, Аида Балаева, Ернар Баспаев – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары;

•Руслан Желдібай – Баспасөз хатшысы;

•Әсет Исекешев және Жайсанбаев Қанатбек – Президенттің көмекшілері;

•Қазыхан Ержан – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл;

•Әлтаир Ахметов – Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі;

•Байтұқбаев Ерлан –Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі;

•Азамат Дүйсембеков – Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі департаментінің меңгерушісі;

•Ерназар Рақымжан – Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі.

Осылайша, Тоқаев өзіне 5 жаңа көмекшіні тағайындады. Олар:

•Руслан Желдібай – ішкі саясат және коммуникация саласы бойынша көмекші;

•Ержан Қазыхан – халықаралық мәселелер бойынша көмекші;

•Ержан Жиенбаев – құқықтық мәселелер бойынша көмекші;

•Ғизат Нұрдәулетов – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;

•Мұрат Баймұқашев – Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

Сондай-ақ Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты. Олар:

•Марат Қарабаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

•Дархан Қыдырәлі – Ақпарат және әлеуметтік даму министрі;

•Асхат Оралов – Мәдениет және спорт министрі;

•Тамара Дүйсенова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

•Зульфия Сүлейменова – Экология және табиғи ресурстар министрі.

Кейін Тоқаевтың жарлығымен 5 жаңа министрлік құрылды. Олар:

▪️Су ресурстары және ирригация министрлігі;

▪️Көлік министрлігі;

▪️Туризм және спорт министрлігі;

▪️Мәдениет және ақпарат министрлігі;

▪️Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Жаңа қызметке тағайындалғандар:

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды;

Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды;

Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымына тағайындалды;

Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды;

Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды;

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды;

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары лауазымында қалып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды;

Сондай-ақ Ернар Баспаев Президент кеңесшісі боп, Әсет Ирғалиев Президенттің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.