"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі кинопрокаттан алынып тасталды

06.10.2023, 11:29
2703
"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі кинопрокаттан алынып тасталды ашық дереккөзден

Көрсетілгеніне әлі бір ай толмастан "Міржақып.Оян қазақ!" фильмі кинопрокаттан алынып тасталды. Оған не себеп? Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Көпшілік көптеп барған тарихи драма “Міржақып. Оян, қазақ!” барлық кинотеатрда көрсетілімін тоқтатты. Көрермендер бұған наразылығын білдіріп, туындыны түсірген түсірілім тобына өтінішін жасап жатыр.

Десе де, фильмнің режиссері әрі сценаристерінің бірі Мұрат Есжан көрсетілімнің тоқтауына былай жауап берді:

“Міржақып. Оян, қазақ!” фильмі кестеде неге жоқ деген сұрақтар таң атқалы көптеп келіп жатыр. Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды.
Жалпы, 6 сериялы телехикаядан көркем фильм жасау, оны үлкен экран арқылы көпшілікке ұсыну “Қазақстан” телерадиокорпорациясының тікелей идеясы мен ұсынысы болатын. Ол үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын.
Уақыты мен қаржысын қиып, келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз!, - дейді режиссер.

Режиссердің айтуынша фильм жақында «Qazaqstan» арнасының эфирінде, сондай-ақ онлайн-платформаларға шығатынын жеткізді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады