«Мойындаймын, Хасан – менің туысым!»: бұрын зәбір көрген ер адам Хасанның биліктегі туыстарын тізіп берді (ВИДЕО)

07.11.2024, 18:10
2256
«Мойындаймын, Хасан – менің туысым!»: бұрын зәбір көрген ер адам Хасанның биліктегі туыстарын тізіп берді (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

«Хутор бандасының басшысы» деп танылған Хасанның туыстары арасында – Әділет генерал-майоры да, Сенат депутаты да, тіпті әкім де бар дейді Талғар тұрғыны.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Хасан Қасымбаевты қолдап жүрген билік басындағы туыстары туралы ақпаратты ер адам жіпке тізгендей қып айтып берген. Тіпті ақпарат желіде ескен соң Парламент Сенатының депутатының өзі де Хасанмен туыс екенін мойындады.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам «Хутор бандасы» туралы әңгімелеп, Хасан Қасымбаевтың жоғарыдағы қорғаушы туыстары туралы шындықты әшкерелеген. Сөзінше, оның өзі де бұрын дәл осы қылмыстық топтан жәбір көрген. Әділдік сұрап, прокуратураға да арыз жазған. Бірақ еш нәтиже болмаған.

Алматы облысынан сайланған, Парламент Сенатының депутаты Жүргембаев Жанболат пен бауыры Жүргембаев Мұхтар -  - сол Хасанның туысы. Мұхтар - заңгер, Әділет генерал-майоры.

Қазір біздің ауыл әкімі де соның туысы. Досымбаев Нұрбол деген адам (Талғар ауданы, Белбұлақ ауылының әкімі - ред.). 

Бұлардың түбі сол Астанада, билікте отыр. Бұлардың барлығы да осы қылмысты ұйымдасып жасайды. Қолында билігі барлар осы Хасанды қорғап отыр.

Хасанды тек қазір ғана қамап жатыр ғой. Олар кезінде менің де ізіме түсіп, өлтіреміз деп қорқытқан, - деді тұрғын.

Аталған ақпарат Telegram-дағы арналардың бірінде де тараған еді.

«Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, Мұхтар Жүргенбаев қамауға алынған Хасанның бөлесі, аналары бірге туған. Қазіргі тергеу кезінде оның болған жағдайға қатысын тексеріп жатыр», - деп жазылған «Чемодан госсекретов» Telegram-арнасында.

Әлеуметтік желіде Жүргембаевтар мен Қасымбаевтың туыстығы туралы ақпарат тараған соң Tengrinews.kz сенатор Жүргембаев Жанболаттан осы жайтқа қатысты мән-жайды сұраған.

Менің ағайыным болып келетінін растаймын, облыста алыс туыстарымыз көп. Қазақтарда, өздеріңіз білетіндей, туыс көп. Бірақ бізде тұрақты байланыс болған жоқ. Әрі кетсе той немесе жаназада кездесіп қалатынбыз. Сондықтан менің тарапыма айтылып жатқан сөздердің бәрі жала жабу және мен оларды сотқа беруге құқылы екенімді еске саламын, - деді Жүргембаев.

Сондай-ақ сенат депутаты «Талғар аудандық әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаевтың лауазымын сақтап қалуға сенатор туысы ықпал етпек болған» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Талғар аудандық әкім аппаратының бұрынғы басшысы Аслан Қасымбаевтың қызметін сақтап қалуы үшін ешкімге және ешқайда хабарласпағанымды сеніммен айта аламын. Хасан Қасымбаевты тергеу ісіне де мүлде араласқан емеспін, - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы, сенатор Жақып Асанов та Хасанның туысы деген ақпарат тараған. Бірақ Асановтың Қасымбаевпен туыстық жақындығын жоққа шығарғаны туралы жазған едік.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол