"Мотоцикл жүргізу оңай болмады". Дариға Бадықова кинодағы бірнеше рет дубль жасаған сәтімен бөлісті
Актриса Дариға Бадықова жақында өз кинотуындысын жарыққа шығарған болатын. Фильм көрермен көңілінен шығып, оң баға алды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлап отыр.
Өнер иесі желідегі парақшасында "Таптым-ау сені" киносындағы бірнеше рет дубль жасаған сәттерімен бөлісті. Оның айтуынша, мотоцикл жүргізу актрисаға қиын болған.