«Мүгедектігі бар жандарға арнайы бейімделген автокөліктер шығару керек» – депутат

29.01.2025, 18:23
286
«Мүгедектігі бар жандарға арнайы бейімделген автокөліктер шығару керек» – депутат parlam.kz

Депутат Таңсәуле Серіков ерекше жандарға қатысты мәселе көтеріп, Премьер-министрге сауал жолдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ​​​«Ауыл» партиясының фракция депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.

«Бүгінгі сауалымда тағдыр тәлкегімен мүмкіндігі шектелген, қауіптің қыл көпіріндегі кембағал мүгедек жандардың базынасын жеткізбекпін. Бүгінде әлеуметтік көмекке келгенде жарымкөңіл жандардың өкпесі қара қазандай. Себебі өзекті мәселелердің бірі – мүгедектікті топқа шығарудың шырғалаңы өз алдына,ауылдарды айтпағанның өзінде қалада қоларбадағы мүгедектер үшін өте қолайсыз нәрселер бар. Автобусқа міну зымыранға мінгенмен бірдей арман. Қоғамдық көлік жолақысында кейбір өңірлерде жеңілдік мүлдем қарастырылмаған. ІІ–ІІІ топ мүгедектеріне жеңілдік жасалса деген тілекті пысқырған бір адам жоқ. Бұндай жеңілдік жасаса, жеке кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсіп, ал жергілікті бюджеттен субсидияға қаржы жоқ боп шығады. Сонда мүгедек адамның мәселесін шешуге шамалары келмей ме? Оның үстіне, арбадағы адамдар автобусқа күнде мінбейді. Соларға жасалған жеңілдіктен кәсіпкерлерге түсетін қаржы ортаймайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, елде 800 мыңға тарта мүгедек адам тұрады, оның ішінде 625,4 мыңы – ересектер, 109,4 мыңы – 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл цифрларды мүгедектерге байланысты әр сауалымда айтып келемін», – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, мүгедектігі бар адамдар үшін көліктер шығару халықаралық тәжірибеде бар дүние.

«Енді халықаралық тәжірибеге келсек. Көптеген шет елдерде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің нақты шаралары, соның ішінде қоғамдық көліктің қолжетімділігі айқындалған. Өзбекстанда жалғызбасты қарттарға және бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы беріледі. Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдікті көлік карталары беріледі. Қырғызстанда I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдар қоғамдық көлікте тегін жол жүруге құқылы. 2024 жылдың қазан айында Еуропалық Одақ мемлекеттері ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірыңғай еуропалық картаны енгізуге қатысты директиваны мақұлдады. Бұл карта мүгедектерге ЕО елдерінде қысқа мерзім ішінде арнайы шарттар мен қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ол көлік, Мәдени іс-шаралар, мұражайлар, сауықтыру және спорт орталықтары, аттракциондар саябақтары сияқты салаларды қамтиды. Директиваның негізгі мақсаты-Еуропалық карта мүгедектігі бар адамдарға ЕО-ның басқа елдеріндегі мемлекеттік және жеке қызмет көрсетушілерден жергілікті мүгедектер сияқты жеңілдіктер беруі. Қазіргі уақытта мамандардың бағалауы бойынша Еуропалық Одақта 100 миллион мүгедек адам бар, бұл 16 жастан асқан аумақ халқының шамамен 27% құрайды. Карта қазірдің өзінде сегіз елде, пилоттық бағдарлама аясында қол жетімді: Бельгия, Кипр, Эстония, Финляндия, Италия, Румыния, Словения және Мальта. Еурокомиссия бұл бағдарламаның қолданысын ЕО-ға мүше барлық елдерге таратуды ұсынды», – деді ол.

Депутат әр өңірде мүгедектерге жасалған жағдай әртүрлі екенін айтты. Ол бір жүйеліліктің жоқтығын тілге тиек етті.

«Ал бізде ше, мысалы: Алматы мен Павлодарда екінші топтағы мүгедектер үшін тегін жол жүру және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдар үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Қарағандыда тек бірінші топтағы мүгедектер үшін ғана тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Әр өңірде әр түрлі, бір жүйелілік жоқ. Бір қаладан екінші қалаға тегін қатынау не мүгедекке, не оның көмекшісіне де жоқ. Не оларға инватакси қарастырылмаған. Мысалы Қызылорда қаласында 2-3 топ мүгедектері қоғамдық көлікте тегін жүре алмайды. Сонымен қатар ақыл-есі ауысқан балаларды санаториге апару үшін психодиспансерден анықтама қажет. Және де шипажайға бару үшін ақыл есі дұрыс болуы керек. Ал ақыл-есі дұрыс болса инватакси берілмейді. Болмаса мүгедек үшін шипажайға баратын болсаң инватакси берілмейді, инватаксиге мінсең санаториге бара алмайсың», – деді ол.

Бектеновке жолданған сауалда мүгедек жандар үшін арнайы бейімделген машина шығару жайы да қозғалды.

«Келесі мәселе мүгедектігі бар жандар үшін арнайы жеңілдікпен автокөлік алу бойынша. Мүгедек жандардың барлығы автокөлік ала алмайтыны белгілі. Алған күннің өзінде ол автокөлік мүгедектің басқаруына бейімделмеген. Кейбіреуі тіпті қолдан жасап бейімдеген, бірақ ол лицензияланбағандықтан қауыпсіз деп айта алмайсың. Егер шынымен де біздің елде машина жасау зауыттары автомобиль өндіретін болса неге мүгедектігі бар жандарға жылына жоқ дегенде арнайы бейімделген 20-30 машина шығарыңыздаршы. Қазақстан автопромының әлеуетін осы жерде көрейік. Және де мемлекеттің қолдауымен мүгедектігі бар тұлғаларға сол автокөлікті алуға жағдай жасайық.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергі келтіретін осы және басқа да мәселелер, заңнамаларға өзгерту енгізу қажеттілігін туындатып отыр», – деді ол. 

«Ауыл» партиясының фракциясы аталған мәселелерді жүйелей келе бірқатар ұсыныс тастады:

1. Еліміз бойынша бірдей 2-3 топтағы мүгедектер үшін де қоғамдық көлікте арнайы жеңілдіктер қарастыру. Кейбір қалаларда пайдаланылатын жеңілдікті электрондық жол жүру карталары бойынша қолда бар деректерді біріктіру арқылы Қазақстан бойынша бірыңғай көлік картасын енгізу (бірыңғай еуропалық карта мысалында).

2. Мүгедектігі бар жандарға арнайы бейімделген автокөліктерін шығару және мемлекеттің қолдауымен арнайы бағдарламамен жеңілдетілген автонесие беру жолдарын қарастыру.

3.  Барлық санаттағы мүгедектігі бар балаларға инватакси қызыметінің  қолжетімділігін қамтамасыз ету.  

«Ойнас қыл да ұл тап деп үйретіп жүр»: белгілі кәсіпкер Омар Жәлелді айыптады Полицей формасында тікелей эфирге кірген TikTok блогері жазаланды Түрмеден ерте босатылған шымкенттік 138 адам қайта сотталған «Енді мал да жемейді мынаны»: картоптары шекарада шіріген кәсіпкерлер шенеуліктерді сотқа бермек (ВИДЕО) «Намаз оқитын кісілерге мақтанғым келді»: Құранды рэп қылып оқыған блогер халықтан жылап кешірім сұрады «Қайрат азаматтық қайратымен қасыңнан табылсын»: Дана Нұржігіт актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау көрсетті «Мен сіздерді қатты сағындым»: Жәнібек қазір қайда жүргенін айтып, мәлімдеме жасады Оралдық онкологтар әйел адамнан салмағы 9 келі болатын жатыр ісігін алып тастады «Шараларды түсіреміз»: Атыраудағы оркестр 1 млн теңгеге алтын түсті iPhone 16 Pro Max сатып алмақшы Каспий теңізінің үстінде апат сигналын жіберген «Boing» ұшағы Астраханьға қонды Бурабайда ер адам мүгедек қыздың телефонын ұрлап, несие ресімдеген Тағы бір ұшақ өзенге құлап, 18 адам өлі табылды Каратэші Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте көш бастады Мас әйел Ақтау-Баку рейсінен шығарылды Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы спортшыларының жарыс кестесі «Қар жауып, бұрқасын жүреді»: 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Нұрлан Қоянбаевтың сыңары Вьетнамнан табылды (ВИДЕО) «Балаларымның берекесі қашты»: Жұлдыз Әбдікәрімова ақшадан қиналып жүргенін мойындады «Мүгедектігі бар жандарға арнайы бейімделген автокөліктер шығару керек» – депутат «Ол не айтсаң да, келісіп, жасаңыз деп ақшасын аямады»: Салтанат Байқошқарова продюсер Баян Алагөзованың ерлігін айтты