«Мұнай тауып, банк тонап жатсыңдар ма?»: блогер Дархан Жолшыбеков әйелінің туған күніне 250 млннан астам қаржы жұмсаған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
18.11.2024, 17:50
857
«Мұнай тауып, банк тонап жатсыңдар ма?»: блогер Дархан Жолшыбеков әйелінің туған күніне 250 млннан астам қаржы жұмсаған (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Туған күннің жүргізушісі – Нұрлан Сабуров, оның гонорары шамамен 20 млн теңге. Жасатқан торты – 20 млн теңге. Сыйлаған көлігі – 150 млн теңге. Банкетті ұйымдастыруға кеткен ақша – 60 млн теңге. Блогердің табысын тексеру керек пе?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында некесіз қызына көлік пен үй сыйлаған танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариғаның 26 жасқа толу туған күнін дүркіретіп ұйымдастырып берді.

«Бүкіл люкс брендтерді сыйлады. 2 дана iPhone 16 pro max берген. 1 миллион теңгедей ақшалай сыйлық жиналыпты. Ат салысқан достарыма мың алғыс! Даридың өзіне де қатты ұнады. Ес жиып алайық, содан кейін бәрін саламыз. Сыйлықтарды да ашып көрсетеміз», – деді Дархан Жолшыбеков. 

Әйеліне елде болмаған туған күнді жасау үшін Дархан Жолшыбеков 60 млн теңге жұмсағанын да айтты. Тіпті туған күн иесі үшін биіктігі 2 метрге жуықтайтын зәулім сарайға ұқсас 20 млн теңгенің торты әзірленген. Ал бұның алдында ол әйеліне 150 млн теңгенің темір тұлпарын сыйлаған еді.

Туған күнге келген қонақтар да жай адамдар емес. Туған күнді Нұрлан Сабуров басқарды. Ал оның гонорары шамамен 20 млн теңгені құрайды. Одан бөлек қонақтардың қатарында қазақ эстрадасының жұлдыздары Мейрамбек Бесбаев, Ғазизхан Шекербеков, Мәдина Сәдуақасова, т.б. төбе көрсетті.

Блогердің оқырмандары миллиондар жұмсалған туған күннің деңгейіне таңғалып, қызу талқыға салды.

«Құтты болсын туған күнің», «Өмір емес ертегі ғой сенікі», «Президенттің туған күні мұндай боп өтпеген шығар», «Жерден мұнай тауып па, банк тонап па, бірдеңе бүлдіріп жүрген жоқсыңдар ма осы сендер?», «Осы ма 60 млнға жасаған туған күндерің?», «Тексеру керек мыналарды. Нереально ақша», – дейді олар.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды