992

Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастау: Сенат төрағасы жауап берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекеттік әнұран авторлығынан алып тастау туралы журналистердің сұрағына жауап берді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастау: Сенат төрағасы жауап берді
exclusive.kz

Мәулен Әшімбаевқа «Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастауға қатысты ақпарат жарияланып жатыр. 2024 жылы «Авторлық құқықты қорғау туралы» заң қарастырылғанда әнұран авторлығынан Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.

Сенат төрағасы елімізде бұдан да өзекті мәселе барын атап өтті.

Бұл мәселеге әріптесіміз бірнеше рет жауап берген. Бұл – қазір депутаттар айналысатын ең өзекті мәселе емес шығар. Реформаға қатысты көптеген мақсат бар... Осы қыстан дұрыс өтуіміз керек. Бұл мәселеге әріптесіміз де жауап берді ғой, - деді Сенат төрағасы.