Nazarbayev University студенттері елдің ең дарынды жастары атанды

26.09.2023, 11:59
627
Nazarbayev University студенттері елдің ең дарынды жастары атанды

Назарбаев университетінің Brainstorm командасы «Дара» ұлттық телевизиялық білім бәйгесінде топ жарды.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ұйымдастырған “Дара» ұлттық білім бәйгесі қыркүйектің 24-де өз мәресіне жетті. Мамыр айында басталған байқау эфирге жексенбі күндері шыққан. Жоба Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының 32 командасын бірге жинады: елдің 16 қаласынан, 28 жоғары оқу орындарының студенттері бақ сынады.

Назарбаев Университеттің Brainstorm (“Брэйншторм”) командасы бірінші кезеңнен жақсы нәтиже көрсете бастаған. Жоба барысында студенттер «Кім жылдам?», «12», «Жұмбақ жәшік» атты бөлімдерінің әр түрлі саладағы сұрақтарға жауап берген.  
«Qazaqstan» Ұлттық арнасы жобаның ашықтығын, сайыстың әділетті және адал өтуін қамтамасыз етті. Қатысушыларды бір жобаға жинауға Жоғары білім және Ғылым министрлігі қолдау көрсетті. «Қазақстан» РТРК» АҚ Баспасөз қызметі атап өткендей,  “Сұрақтар дайындалғаннан кейін салмақтылығын, дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін жобаның шығармашылық тобы Ұлттық тестілеу орталығына жүгініп отырды. Сонымен қоса, құпиялылықты сақтау және ашықтықты қамтамасыз ету үшін сұрақтар жүйеге күнбе-күн жүктеліп отырды. «Дара» жобасының мақсаты – білім алушыларға өз мүмкіндігін таныту үшін интеллектуалдық телеалаң ұсыну және жастарды оқу, білімге ынталандыру”.

“Әрқайсымыз болашақ жаңа тұлға, Әрқайсымыз - дара тұлға!” - деп ұрандатқан Brainstorm командасы 6 әр түрлі мамандықта оқып жүрген 2-3 курс студенттерінен құрылған. Ойынның жартылай финалын студенттер ең қызықты және есте қаларлық кезеңі деп атады. Сол күні NU командасы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Astana IT Университеті және Еуразиялық Ұлттық Университетінің командаларымен сайысып, 105 ұпай ұтып, топ жарған. Ал финалда Brainstorm AITU-дың Digital Nomads атты мықты командасымен ойнап, жеңімпаз болып атанды.

Brainstorm-ның капитаны, Саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығының 3-ші курс студенті Әміреева Әлияның айтуынша, қатысушылар іріктеусіз еріктілер ретінде, жобаға қызығып бас қосқан, бір бірімен дайындық барысында ғана жақын танысқан. Өздері күтпеген жерден пазлдың бөліктері сияқты, жан жақты тақырыптарды білетін команда болып шыға келді.

“Әр ойынның басында ешқашан “келесі кезеңге өтеміз, жеңеміз” деп айтуға өзімізге рұқсат бермедік. Біздің мақсатымыз жеңіс емес, қойылған сұраққа дұрыс жауап беру, білімімізді сынау, сапалы ойын көрсету болды. Ойын барысында университетіміздің басты ұстанымын - ой еркіндігі, академиялық адалдық пен салауатты бәсекелестікті көрсете алдық деп сенеміз. Сол себепті оқу ордамыздың беделін қорғау қиын болған жоқ, оның беделін түсіріп алу мүмкіндігіміз - ең қиыны сол болды,” - дейді Әлия.

Ойынның соңында жеңімпаздарға байкаудың демеушілерінен пайдалы сыйлықтар берілді. Назарбаев Университетінің негізін қалаушы Президент Шигео Катсу мырза атынан мақтау қағаздары ұсынылды. Алдағы уақытта Brainstorm мүшелері NU-дың бай студенттік клубтар тізіміне - жаңа зияткерлік клубын қосуға тәрізді. Студенттер жас буын зияткерлерді дайындап, қазақ тіліндегі интеллектуалды сайыстарды дамытуға мақсат қойды.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды