1597

Нұрлан имам үйлі болды

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлының жеке үйі жоғы жайлы ақпарат тараған болатын. Ал күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы имамның жаңа қонысына барып, шашу шашты.

Нұрлан имам үйлі болды
"Алғашқы" бағдарламасы

Бұл жайлы batyr_bloger Instagram парақшасында айтты.

"Нұрлан имамның үйіне шашу. Қоныс құтты болсын. Үйіңіз берекелі болсын", - деп жазды блогер.

Видеодан Ләйлә Сұлтанқызының Нұрлан имамның үйіне шашумен кіргенін көруге болады.

Желі қолданушылары Нұрлан имамның бұл жаңалығына қуанышты екенін жарыса жазды. "Үйі жоқ деп еді, жақсы болған екен", "Қуанып отырмын. Берекелі үй болсын", "Шын жүректен құттықтаймын", "Керемет жаңалық", "Қоныс құтты болсын", "Өзім үй алғандай қуанып отырмын", - деп жазды желідегілер.