"Өлімнен басқа жол болмады": Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалім басынан өткенін айтты

26.02.2024, 09:08
1740
"Өлімнен басқа жол болмады": Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалім басынан өткенін айтты Бейнежазбадан

Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі №250 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімдері әділдік іздейді. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты.

Екі баланың анасы, 7 жылдық жұмыс өтілі бар Фатима Сқақова осы оқиғадан кейін ауыр күйзеліске ұшырағанын айтады.

"Дәл сол уақытта басқа жол көрмедім. Оның алдында екі күн психологқа бардым. Мендегі бар мақсат – психологқа барып, ішімдегіні айтып, менде қандай ой болғанын, таза екенімді, шын мәнінде осындай адам екенімді бір адамға болсын дәлелдегім келді. Содан кейін жәй ғана өліп кетуге деген ой болды", – дейді ол.

Абырой болғанда, мұғалім бұл әрекетке бармапты. Бірақ қоғамдық қысымнан әбден қиналған.  Енді Фатима Сқақова түнгі клубқа әдейі бармағанын, атының ақталғанын қалайды. 

Еске сала кетейік, қызылордалық екі мұғалім Түркияға демалуға барып, түнгі клубқа кіргені үшін бастары дауға қалған болатын. Артынша, олардың жұмыстан босағаны белгілі болды. Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді жұмыстан тыс уақытта құқығын шектеуге болмайтынын айтты.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады