«Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады

13.05.2024, 15:19
1010
«Өлтіремін деп қорқытты»: Көкшетау тұрғыны бауырларын полицейлердің соққыға жыққанын айтып, үндеу жасады kyn.kz

Көкшетай тұрғынының бауырларын кетіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлері тоқтатып, соққыға жыққан.

Көкшетау тұрғыны Айгүл Әубәкірова екі інісін бірдей полицейлер соққыға жыққанын айтып, видеоүндеу жасады. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, 18 жастағы Нұрәлі мен 17 жастағы Нұржанға күндіз жолда кезекшілікте жүрген элиталық "Арлан" полиция бөлімінің қызметкерлері шабуыл жасаған.

"Іскерлік сапардан қайтып келе жатып, олар Көкшетауға бара жатқан жолда төтенше жағдай туғызды. Содан кейін олар еш себепсіз тоқтатты. Тоқтаған соң полиция қызметкерлері денелеріне зиян келтіре бастады, оларды өз еркінен тыс қызметтік көлікке отырғызды, содан кейін орманға апарып, ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытты, қорлады", – дейді ол.

Қазіргі кезде полицейдің соққысын алған бауырлары ауруханада жатыр. Сүйектері сынып, миы шайқалған, денелерінде сызат пен көгерулер пайда болған. 

Айгүл Әубәкірова "Арлан" бөлімшесінің қызметкерлеріне қатысты тергеу дұрыс жүргізілмей жатқанына наразылығын білдіреді. Ол жерде бес адам болған көрінеді. Соның тек екеуіне ғана қылмыстық іс қозғалған.  Ақмола облыстық полиция департаменті қызметкерлерді жұмыстан шығардық деп мәлімдеген.

Көкшетау тұрғынының бұл видеоүндеуіне Ақмола облысының полиция департаменті қатысты пікір білдірді.

"Полиция қызметкерлері мен екі ағайынды арасындағы жанжалдан кейін полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Тергеу мүдделері жария етілмейді. Тергеу барысы ішкі істер министрлігінің бақылауында", – деп хабарлады ведомстводан.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды