«Он жылдан бері ішеді». Илья Ильин досы Алмас Өтешев туралы шындығын айтты

19.08.2024, 14:30
1201
«Он жылдан бері ішеді». Илья Ильин досы Алмас Өтешев туралы шындығын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Досы Алмастың ішкілікке салынғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық танымал ауыратлет Илья Ильин Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында бұрынғы командалас әріптесі Алмас Өтешевтің жағдайына қатысты ойын айтты. Зілтеміршінің сөзіне қарағанда, Алмас соңғы он жылда ішкілікке салынып кеткен. Бірақ бүгінде клиникада емделіп жатыр.

Алмас менің досым. Екеуміз жасөспірім кезімізден бірге жаттықтық. Кейіннен ол менің командама қосылды. Мені бірінші болып қолдағандардың қатарында. Қазақстан құрамасынан кетті. Менің жаттығуыммен, жоспарыммен жұмыс істеді. Біз әлем чемпионатында үздіктер қатарына ену туралы мақсат қойдық, ол күміс жүлдегер атанды. Өкінішті әрине. Бір сәтте кез келген адам қиындыққа тап болады. Бірақ ол сол қиындықтан шыға алмай қалды. 10 жылдан бері ішіп жүр. Ол сұхбатында көп шындықты айтты, өте көп. Өзінің реніші де бар. Бұл оның жанайқайы еді, - деді Ильин.

Илья командалас әріптесін тауып, бүгінде ол емделіп жатқанын алға тартты.

Қазір біз оны таптық, клиникада емделіп жатыр. Бәрі дұрыс. Федерация қосылды, Құдайға шүкір дейміз. Мен оған: «Алмас, бұл менің емес, халықтың қолы. Егер сен қазір қолды алмасаң, ертең ондай мүмкіндік берілмейді» дедім. Екі аптадай қыдырды. Бейжай қарамайтын жігіттер тауып, қазір алкоголизмнен емделіп жатыр. Негізі бұған дейін де талай рет көмектесті, емдеді, жұмыс та тауып берді, бірақ бір айдан артық шыдай алмайды. Ішкілікке салынып кете береді, апталап емес, айлап ішетін кездері болады. Тіпті бауыры да ауырған. Түсінесіз бе, мен ешқашан досымды тастап кетпеймін. Меніңше, бір сәтте жанында жоқ екендігімді, енді көмекке халық арқылы шақыру керектігін түсінген тәрізді. Ол қайта емге кірісті. Енді бес ай бойы сол емді қабылдауы керек. Аяққа тұрғызған соң Жаратушы оған әрі қарай жұмыс істеуге, елге пайдасын тигізуге күш берсін деп тілеймін. Біз одан бас тартқан жоқпыз. Осыны түсіну керек, - деді ол.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды