«Орысшаңмен елді ұятқа қалдырасың!»: орыс тілі үшін спорттық дәрігерді «Болашақ» оқуға жібермеген (ВИДЕО)

07.01.2025, 11:11
948
«Орысшаңмен елді ұятқа қалдырасың!»: орыс тілі үшін спорттық дәрігерді «Болашақ» оқуға жібермеген (ВИДЕО) SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Елімізде спорт медицинасын дамыту үшін «Болашақпен» шетелге оқуға кетпек болған маманды комиссия мүшесі орысша акцентпен сөйлегені үшін өткізбей тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спорт дәрігері орыс тіліне бола «Болашақпен» оқуға түсе алмаған.

Әлеуметтік желіде Жасұлан Темірбаев есімді жігіттің «Болашақ» халықаралық стипендиясына іріктеу кезінде комиссия мүшелерімен сұхбаты қызу талқыға түсті. Нақтырағы, әңгімелесу барысында комиссия мүшесінің Темірбаевқа «Сіз орыс тілінде акцентпен сөйлегеніңіз үшін Қазақстанды ұятқа қалдырасыз!» деген сөзі көпшіліктің ашуын туғызды.

Жасұлан Темірбаев спорт саласындағы медицина маманы. Ол бұл саладағы білімін жетілдіру мақсатында «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқу үшін бағын сынап көргісі келеді. Алайда, өзінің сөзінше, комиссия мүшелері емтиханға қатысы жоқ себептермен оны келесі кезеңге өткізбей қойған.

Әлеуметтік желіде Жасұлан «орыс тілін білмегенім үшін елімді ұятқа қалдырамын ба?» деген ойын ортаға салды.

Жасұлан Темірбаевтің комиссия мүшелерімен сұхбаты 2024 жылы 6 қарашада өткен екен. Комиссияда бес мүше болған. Ал әңгімелесудің өзі негізінен орыс тілінде өткен.

«Сіз не үшін «Болашақ» бағдарламасымен барғыңыз келеді? Неліктен Американы таңдадыңыз? Оралған соң қандай жұмыспен айналысасыз деген қарапайым сұрақтар қойылды. Бір ескеретін жайт, сұхбаттың жартысынан көбі орыс тілінде өтті. Тіл мәселесі «Болашақ» бағдарламасына да жеткендей. Сұхбаттасу кезінде қандай тілде сұрақ қойса, сол тілде жауап беру керек. Менің сұхбатым 90 пайыз орысша болды. Әрине, ол менің ана тілім емес. Мүмкін кішігірім қатемен сөйлеймін. Алайда, орыс тілін жетік меңгергенмін деп санаймын. Ғылыми мақалаларды оқып, түсініп, керек деңгейде аудара аламын. Бірақ комиссия мүшесі маған «Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан» деп айтты. Осы дұрыс па?» – дейді  Жасұлан Темірбаев. 

Маманның тағы бір күйінетіні – комиссия мүшелері үміткерлердің ағылшын емес, орын тілін білу деңгейіне қарап баға берген. Сондықтан келесі кезеңге ағылшын тілін меңгеру деңгейі Жасұланнан төмен үміткерлердің өзі стипендия иесі атаныпты.

«Мен «Болашақ» стипендиясына дайындайтын ұйым арқылы тапсырдым. Менің тобымда тоғыз адам болды. Қатарымдағы  үміткерлердің ішінде ағылшын тілін ең жетік меңгергені мен едім. Ағылшыншасы жүйрік адамды емес, орыс тілін білгендерді өткізді. Бұл жерде ойландыратын ең маңызды мәселе осы. Алдағы уақытта дәл осы сұрауға жауап талап етпекпін», - дейді ол.

Темірбаев комиссия мүшелерінің біліміне де күмән келтіреді. Оның айтуынша, олар спорт саласына жауапты министрліктің барынан да бейхабар екен.

«Мен спорт медицинасының маманымын. Комиссия мүшесіндегі мамандар Спорт министрлігі дегенді алғаш рет естіп тұрғандай. Ол жерде спортты, медицинаны түсінбейтін адамдар отырған секілді. Біздің елімізде спорт медицинасы жақсы дамымаған. Зерттеуім бойынша, бұл бағдарлама бойынша бірде-бір рет спорт медицинасын оқуға маман жібермеген. Бұл жерде тағы мемлекет басшысының сөзі ескерілмеді ме деп ойлаймын. Өйткені президенттің өзі спортты, оның ішінде медицина мамандарын дамыту туралы жарлық шығарған еді», - дейді ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды