«Осы жеңісімді Республика күніне арнаймын»: қазақ күресінен барлық палуан жүлде алды

27.10.2023, 18:24
908
«Осы жеңісімді Республика күніне арнаймын»: қазақ күресінен барлық палуан жүлде алды govkz

Ар-Риядта өтіп жатқан V Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының кезекті жарыс күні мәресіне жетті.

Бүгін ұлттық спорт түрлерінен бірқатар жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бұл қатарда қазақ күресі де бар. Алғаш рет жауынгерлік өнер ойындарының бағдарламасына еніп, 5 салмақта мықтылар анықталды. Оның үшеуі ерлер, екеуі әйелдер арасында.

Сауд Арабиясына келген Ұлттық құраманың барлық палуаны жүлде жеңіп алды.

Жұмажан Қожамбеков (75 кг), Мәди Амангелді (85 кг) мен Роза Нысантайқызы (70 кг) өз салмағында қасылас шақ келтірген жоқ. Ақтық айқаста белдескен Нұр Аманшүкіров (65 кг) өзбекстандық спортшыға есе жіберді.

Ал жартылай финалда жеңілген Рауза Нұрмұхамбетова (60 кг) қола медаль үшін айқаста қарсыласынан басым түсті.

Биыл ұлттық спортымыз алғаш жауынгерлік өнер ойындарының бағдарламасына кірді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1-орын алса, Өзбекстан мен Қырғызстан үздік үштікті түйіндеді.

«Осы жеңісімді Республика күніне арнаймын. Жарысқа келер болсақ, өте қарқынды өтті. Әр салмақта мықты палуандар жиналды. Ең қиыны финал болды. Қарсыласым тәжікстандық спортшы былтыр Астанадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Жақсы күресіп шықты»,-деп айтты Мәди Амангелді.

Жалпы қазақ күресінен мұнда 14 мемлекеттен 40 палуан жиналды. Олар: Италия, Әзірбайжан, Польша, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Иран, Сербия, Үндістан, Нидерланд Корольдігі, Қазақстан.

«Қазақ күресімен былтырдан бастап шұғылданамын. Италиядағы қазақ күресі қауымдастығының президенті Витторио Джорджи мырзаның арқасында мені Астанадағы әлем чемпионатына қатысуға шақырды. Сол кезде қола медаль жеңіп алып, Италия ұлттық құрамасы сапына қосылдым, әрі Сауд Арабиясындағы осы ойындардың жолдамасына иелік еттім. Бұл мен үшін зор мәртебе. Осындай мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушыларға ризашылығымды жеткізгім келеді. Қазір жаттығудан кейін шәкірттерімді де осы спортқа баулып жүрмін»,-деді әйелдер арасында 70 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған Мариасоль Моменте.

Сондай-ақ белбеу күресінде де Қазақстан спортшыларына 2 қола жүлде бұйырды. Жартылай финалда сүрінген Нұрсұлтан Өтепбергенұлы (80 кг) мен Назерке Әбілтаева (55 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

Қазір Қазақстан делегациясы 5 алтын, 10 күміс, 13 қола медальмен жалпы есепте 7-орында. Көш басындағы Украина өз басымдығын тағы арттыра түсті.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды