Өзі маржан, әрі арзан HONOR 200 Lite смартфоны Қазақстанда

20.06.2024, 14:45
936
Өзі маржан, әрі арзан HONOR 200 Lite смартфоны Қазақстанда Smart News

Ультражұқа әрі жеңіл HONOR 200 Lite смартфоны Қазақстанда сатылымға шықты. Алғашқы сатып алушыларға бағалы сыйлық дайын.

Әлемдік технологиялық HONOR бренді ультражұқа әрі функционалды HONOR 200 Lite смартфонының Қазақстандағы сатылымы басталғанын жариялады. Жаңа модель көркем дизайн, жылтылдамайтын экран мен интуитив интерфейстің мінсіз үйлесімін ұсынып отыр. HONOR 200 Lite отқа салсажанбайтын, суға салса батпайтын смартфон деп бағалай аламыз баӨнімге SMARTNEWS.KZ басылымы шолу жасады.

 

КӨЗІҢІЗДІ ҚОРҒАП, КӨҢІЛІҢІЗДІ ЖАДЫРАТАР СУПЕРЖАРҚЫН ДИСПЛЕЙ

HONOR бренді жаңа смартфонның иесін жаңашылдықпен қуантуға тырысқаны байқалады. Себебі HONOR 200 Lite-тың небәрі 6,7 дюймдік AMOLED дисплейі – өз иесінің контент әлеміндегі саяхатын жарқын етпек. Байқағанымыздай, аса жарқын күн сәулесінің әсерінен де экрандағы ұсақ жазу мен бейнелердің түрлі түсі айқын әрі тұнық көрінеді. Демек AMOLED дисплейі интерфейстің бірқалыпты жұмыс атқаруына әсер беретіні байқалады. Сондай-ақ пайдаланушының экранмен әрбір жанасуына HONOR 200 Lite суықта да, ыстықта да тез жауап қайтарады.

Бұл аз десеңіз, HONOR сіз бен біздің көзімізге келетін ультрасәулелердің зиянынан қорғау мақсатында – инновациялық технология арқылы құрылғының экран жарығы төмен болған кезде де көзге келетін кеселді біршама азайтқан. Себебі гаджет TÜV Rheinland зиянды жылтылдың болдырмау технологиясы бойынша сертификатталған. Смартфонның бұл артықшылығы ұзақ уақыт видео көріп, телефоннан кітап оқуды ұнататындар үшін мінсіз мүмкіндік деуге болады. Таңғы уақытта шабытыңыз ашылып, шығармашылықпен айналысқыңыз келсе де, экранның көмескі жарығы айтарлықтай көзді демалдырып, көңілге жайлылық береді.

Одан бөлек, экран параметрін өз ыңғайыңызға қарай өңдеп алсаңыз да болады. Мәселен дисплейдің ұнамды жарық деңгейі мен көзді қорғау функциясын «ақылды ажыратымдылық» арқылы іске қосуға болады. HONOR бренді кітапқұмарларға да ыңғайлы жағдай жасаған. Экранды кітап режиміне қосып, интерфейсті автоматты түрде монохром түске қойып, әріптердің өлшемін көру мүмкіндігіңізге қарай өзгерте аласыз. Түн мен күннің ыңғайына қарай интерфейсті екі түрлі режимге қоя аласыз. Айта кету керек, мұндай жағдайда телефонның қуаты азайып, батарея нашарлайды деп қорқудың қажеті жоқ. Себебі AMOLED дисплейі экранның режимін қалай өзгертсеңіз де, батареяның төзімділігін ұзақ мерзімге созады.

ЖІП-ЖІҢІШКЕ ДИЗАЙН МЕН ТЕМІРДЕЙ БЕРІКТІК  

HONOR 200 Lite смартфонының салмағы 166 грамм, ал жуандығы бар болғаны 6,78 миллиметрлік жеңіл корпустан жасалған. Бұрын-соңды болмаған мұндай өлшем смартфонды ұстауға барынша қолайлы көлем деуге болады. Бұған дейін мұндай өлшем оның бауыры HONOR X8b смартфонында қолжетімді болған еді. Бірақ оған қарағанда айтарлықтай айырмашылық бар. Мәселен, мұндай жіңішке де, жеңіл корпусқа қарамастан, HONOR 200 Lite жаңа смартфоны темірдей беріктігімен ерекшеленеді. Оны 1,65 метрге дейінгі өлшемде кездейсоқ жерге түсіріп алсаңыз да, экраны оңайлықпенсынып, корпусы шытынай қоймайды. Себебі телефон корпусының беріктігі бойынша 5 жұлдызды SGS сертификатымен расталған. Сол үшін смартфонды отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын деп бағалауға да негіз бар.

КӘСІБИ СУРЕТКЕ ТҮСІРУ МҮМКІНДІГІ

HONOR 200 Lite смартфонының камералар жүйесі 108 Мп-дік негізгі камерадан, 5 Мп-дік кең форматты камерадан және макротүсірілімге арналған 2 Мп-дік камерадан тұрады. Смартфонның негізгі камерасы суретке тіпті қараңғы уақытта да анық әрі қанық түсіре алады. Түнгі аспанды суретке түсірген кезде де суретте көзбен көргендей жұлдыздар сол күйі кадрға сақталады. Сондай-ақ арнайы үш түрлі режим қолдана отырып, боке эффектісі арқылы әртүрлі қашықтан сапалы портрет түсіре алады. Демек қолыңызда HONOR 200 Lite барда, камера алып, кәсіби түсірілім жасауға әуреленудің қажеті жоқ.

HONOR 200 Lite смартфонының мұндай таңғалдырарлық негізгі камералар жүйесіне қосымша 50 Мп-дік алдыңғы камерасын да айта кету керек. Смартфонның фронт камерасы кез келген жарықта да тамаша суретке түсіреді. Тіпті алдыңғы камераның өзі жоғары сапалы портрет жасап береді. Сондай-ақ кадрды қармау аймағы 1x-тен 0.8x-ке дейін автоматты түрде үлкейіп, ешкімді қалдырмай топпен қосылып селфи жасауға зор мүмкіндік береді.

СМАРТФОННЫҢ ЖОҒАРЫ ӨНІМДІЛІГІ

8 Гб оперативті жады мен HONOR RAM Turbo технологиясының арқасында HONOR 200 Lite смартфоны біруақытта жұмыс жасап, ойын ойнап және әлеуметтік желілерде сөйлесіп үлгеруге мүмкіндік беріп, қатып қалмайды. Ал сыйымдылығы 256 Гб болатын көлемді сақтау орны арқылы смартфон барлық маңызды суреттер мен бейнежазбаларды бір бойында жинап, естеліктеріңізді есінде сақтап тұрады. Honor 200 Lite смартфонының MediaTek Dimensity 6080 қуатты процессоры болса, қосымшалардағы зор өнімділікті, жоғары жылдамдықтағы 5G интернетті және дисплейдегі қанық бейнені қамтамасыз етеді.

ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫ АЛАҢСЫЗ ЖАСАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ҰЗАҚҚА ШЫДАМДЫ ИНТЕРФЕЙС 

HONOR 200 Lite смартфонын бір-ақ рет қуаттап алып, маңызды жұмыстармен ұзағынан айналыса беруге болады: интенсив жұмыс қоңырауларын қабылдағанда 29 сағатқа, үздіксіз видео қарағанда 14 сағатқа, ал интернетке сүңгігенде 16 сағатқа қуаты еркін жетеді. Тіпті эксперимент ретінде күн ұзаққа Wi-Fi желісін қосып, максимал жарық деңгейіне қойғанда, смартфон 15 сағаттан астам уақытқа жетті. Бұның бәрі жиі қуаттауды қажет қылмастан ұзақ жұмыс жасай беретін қуатты аккумулятордың арқасында. Ал қуаттылығы 35 Вт-тық HONOR SuperCharge қуаттау құрылғысы уақытыңызды ұрламай, санаулы минут ішінде телефоныңызды лезде қуаттап береді.

HONOR 200 Lite смартфоны интуитивті интерфейс пен сіздің қажетіңізге қарай икемделетін интеллектуал тәжірибені қамтамасыз етеді. Бұл жасанды зиятпен біріккен аса жаңа MagicOS 8.0 операцион жүйесінің арқасында қамтамасыз етілген. Мысалы, Magic Portal функциясы автоматты түрде пайдаланушының қажетін алдын-ала болжап, контентті бір қимылмен ауыстыра алады. Ал Parallel Space функциясы жұмыс пен жеке өмір үшін контактілерді, файлдар мен қолданбаларды сұрыптаудан бөлек, еркін виртуал кеңістіктерді құруға мүмкіндік береді.

ҚОСЫМША ҚОЛЖЕТІМДІ ФУНКЦИЯЛАР

Honor 200 Lite смартфоны сізге ыңғайлы байланыстың барлық нұсқасын қатар ұсынып отыр. Екі nano-SIM картамен қатар, интернеттің 5G жылдамдығы да қолжетімді. Одан бөлек сымсыз модульдер қатарында Wi-Fi(802.11a/b/g/n/ac), Bluetooth 5.1, NFC, сондай-ақ GPS (A-GPS), Galileo, цифрлық корпус навигациялары қолжетімді.

Сондай-ақ құлыпты қапталынан бір саусақпен аша аласыз. Диктофон мен қоңырау, аудиожазбаларды жазғанда артық шуылды басып тастауға болады.

ТҮСІ, БАҒАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІГІ  

HONOR 200 Lite смартфоны үш түрлі табиғатпен үндес стильде қолжетімді: Жұлдызды көк, Мұхитты көгілдір мен Түнгі қара.

Смартфонның құны Қазақстан бойынша бар болғаны 159 990 теңге. Өзі маржан, әрі арзан HONOR 200 Lite-ты алғашқы сатып алушыларға HONOR Choice Earbuds X5 сымсыз тыңдауыры сыйға беріледі.

HONOR 200 LITE СМАРТФОНЫН НЕ ҮШІН ТАҢДАУ КЕРЕК?

HONOR 200 Lite-ты ұзақ уақыт сенімді серік еткісі келетіндер ыңғайлы көлемі, AMOLED дисплейі мен MediaTek Dimensity 6080 процессоры үшін ойланбай таңдаса болады. Әдемі дизайн мен жеңіл де, жіңішке корпусты смартфонның айтарлықтай артықшылығы деп қарауға болады. Кәсіби мамандар мен тынымсыз контентмейкерлер HONOR 200 Lite-ты сапалы сурет мен видео түсіру үшін үздіксіз пайдалануына болады. Себебі 108 Мп-дік негізгі камера мен 50 Мп-дік фронт камера портрет суреттерді де, табиғаттың сұлу пейзажын да сапалы кадрға алады.

Ескі гаджеттің тез бітетін қуатынан шаршағандар HONOR-дың жаңа смартфонын көзге зиян келтірмей-ақ сағаттар бойы қолдана алады. Интернетке терең сүңгитіндер 5G жылдамдығына қолжетімділік арқылы әрқашан онлайн бола алады.

Мұндай аса шыдамды да, темірдей берік құрылғы HONOR 200 Lite сізгекез келген істі оңай әрі жылдам жасауға беретін жәрдемі үшін таңдауға болады.

Смартфон мен оны сатып алу орындары туралы толық ақпарат HONOR ресми сайтында қолжетімді.

«Бірнеше әйел бір еркекке тигісі келсе неге тоқтатамыз?!»: Мұхтар Мағауин көп әйел алуға байланысты ойын айтты Ақтөбеде мұғалім оқушысына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған «Осыншалықты екіжүзді болар ма едің»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі желіде жазба жариялады "Енем маған айтпай, күйеуімді үйлендіріп жіберді": Меруерт Түсіпбаева тұрмыста болған жылдарын есіне алды «Бәрі міндетті түрде беруі керек»: Талдықорғанда оқушылар «Мұғалімдер күніне» жаппай ақша жинағаны үшін шу шықты «Ит пен мысық болып жүретіндер – әртістер»: Жеңіс Ысқақова әріптесі Ақбота Керімбековаға қолдау білдірді «Хәл үстінде жатқан адамның атын пайдаланды»: Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалайтын оқырмандарына ескерту жасады «Бала-шаға мен ата-ененің жағдайын жасайды»: Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымына үндеу жасады «Киімімді шешті»: Жетісу облысында әкім көпбалалы әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған (ВИДЕО) «Қайраттың да биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы балалы болғысы келетінін жасырмады «Баласын құтқарамын деп әкесі мен көршісі түскен»: Алматы облысында кәріз құдығында көз жұмған үш адамның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды «Жаназасын үйімнен шығарғым келді»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды «Жалғыз ұрпағын көп көрмейміз, естімейміз»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасының арманын айтты «Бас сүйегі миына қарай кіріп кеткен»: Шымкентте қаза тапқан такси жүргізушісінің туыстары әділ тергеуді талап етті «Досхан Жолжақсыновтың үйінде болдым»: Ақбота Керімбекова өзіне қалталы кісілердің қырындағанын айтты Астанада бойжеткен қоғамдық орында іш киімін шешіп, лақтырып жіберген (ВИДЕО) Ертіс орманында бес жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды «Енді ұрттамаймын»: Мақпал Жүнісова оқырмандарына сөз берді «Мемлекеттік тілімізді қорламаңыздар»: Ринат Зайытов вице-министрге ескерту жасады Елімізде ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендейді