Путин 83 жастан асқанша президент болмақ

14.12.2023, 16:32
910
Путин 83 жастан асқанша президент болмақ smartnews.kz

Сонымен, Ресей президенті Владимир Путин президент сайлауына кезекті рет тағы да түсетінін айтты. Бұл туралы ол марапаттау рәсіміне байланысты Кремльде өткен жиынның соңында мәлім етті.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, бұған дейін «Единая Россия» партиясы жалпыресейлік халықтық майдан ұйымымен бірігіп, Владимир Путинді президенттікке ұсынумен байланысты тиісті процедураларды өткізетіні сөз болған. «Единая Россия» партиясы сайлау науқанына белсене қатысып, өзінің инфрақұрылымдары мен аймақтық желілерін соған жұмылдыратынын мәлімдеген болатын. Ал 9-желтоқсанда Мәскеуде Путинді президенттікке ұсынатын бастама тобының алғашқы жиыны өткен. 

Владимир Путиннің бұл жолғы президенттік мерзімі 2024 жылғы 7 мамырда аяқталады. Сайлау алдағы наурыздың 15-17-сы күндері өткізіледі. Осымен ол бесінші рет президент сайлауына түседі. Сайланғаннан кейін ол 2030 жылға дейін билік тағында отырады. Ресей Конституциясына 2020 жылы енгізілген өзгерістер Путиннің бұған дейінгі президенттік мерзімдерін «нөлге» айналдырып берді. Соған сәйкес, осы жолы ол президент сайлауына бірінші рет түсетін сияқты жағдай қалыптасқан.

Ол алғаш президент болған тұста, яғни 2020 жылы бір адам сайлауға ары кеткенде екі мерзімге түсетін заң бар еді. Путин екі мерзім президенттік еткеннен кейін 2008 жылы орнын өзінің адамы Дмитрий Медведевке беріп, премьер-министр болды. Медведевтің кезінде Конституцияға өзгеріс енгізіліп, алдағы президенттік мерзім төрт жылдан алты жылға ұлғайтылды.

2012 Путин қайтадан президент болды. Ал алты жылдан кейін, 2018 жылы Путин төртінші мерзімге қайта сайланды.  Міне, содан бері тағы да алты жыл өтті. 2024 жылы Путин тағы да президент болатынын жасырмай отыр. Болатынын деуіміздің себебі – бұл сайлауда да бүкіл әкімшілік ресурстар  Путинге жұмыс істейтіні бесенеден белгілі.

2020 жылы өзгертілген Конституция заңында Путиннің осы күнге дейінгі президенттігі «нольге» теңелген. Сондықтан енді ол бесінші, алтыншы мерзімге де сайлауға түсе алады. Ертең өтетін бесінші мерзімге президент сайлауына бірінші рет түскендей болып түседі. Ал атыншы мерзімі 2036 жылы бітсе, оған дейін тірі болса, премьерлігін қоса алғанда 36 жыл тақта отырған болады. Сталиннің өзі 30 жыл, 11 ай, 2 күн билік құрыпты. Брежнев КСРО-ны18 жыл басқарыпты. Путин тірі болса, бұрынғы-соңғы билеушілердің бәрін басып озатын болса керек.

Орыстың өткеніне келсек, онда ұзақ билік құрғандар жетіп артылады екен.  Иван Грозныйдың патшалық құрған мерзімі 50 жыл, 105 күнмен өлшенеді. Ол 3 жасында патша деп жарияланғанымен, таққа ер жете келе отырыпты. Иван Грозный орыс тарихында ең ұзақ билік құрған болып шығады.

Грозныйдан бұрынғы Үшінші Иван деген билеуші тақта 43 жыл, 6 ай, 29 күш отырыпты. Рас-өтірігін кім білсін, бұл адам Мәскеудің төңірегіндегі жерлерді түгендеген, мемлекеттің идеологиясын қалыптастырған, заңның негізін қалаған деп жатады.

Үшінші Иваннан да, Иван Грозныйдан да кейініректе билік құрған Петр Бірінші тақта 42 жыл, 9 ай, 1 күн отырыпты. Оны реформашы, держава құрушы дейді. Билікті 10 жасынан бастап құрған көрінеді.

Киев князі Владимир Святославич билікті 37 жыл, 1 ай, 4 күн жүргізген екен. 18 жасында князь болған деп жазыпты. Оның тұсында сол кезгі орыс қауымы пұтқа табынудан христиандыққа өткен көрінеді. Көп әйел алған деп жатады.

Екінші Екатерина патшайым 34 жыл, 4 ай, 8 күн билік құрыпты. Бұл неміс әйелі орыс билігіне 1762 жылы болған төңкерістің нәтижесінде келген деп жазыпты. Оның тұсында Ресейдің жері кеңейген, Қырым да қосылған деп келтіріпті. Орыстың отарлау саясаты мен тарихты бұрмалау үрдісі де сол тұста бастау алса керек.

Романов Бірінші деген билеуші орыс тағында 32 жыл, 4 ай, 20 күн отырыпты. Мұның тұсында Польшамен және Швециямен қатынас реттелген, Ресейге Жайық өңірі, Байкал маңы, Якутия қосылды, Тынық мұхитқа жол ашылды деп жатады. Оның кезінде шет елдерден мамандар келіп мемлекеттік қызмет атқарған деседі.

Қазақ хандарының ішінде де ұзақ уақыт билік құрғандар бар. Мысалы, Хақназар хан 42 жыл билік құрған екен. Қазақ Хандығының 1538—1580 жылдарында хан болды. Ол Қасым ханның баласы еді. Жазба деректерінде Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түскені келтіріліпті. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті делінеді.

Енді Владимир Путин де билігін тым болмағанда 36 жылға жеткізейін деген бе, кім білсін.    

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды