Ресей азаматтығын алған қос паспортты қазақстандық елден қуылды

16.08.2023, 09:05
3672
Ресей азаматтығын алған қос паспортты қазақстандық елден қуылды gov.kz

Қос азаматтықпен жүрген Алтай тұрғыны елден шығарылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы облыс аумағында тұратын қос азаматтығы бар тұрғындарды анықтау жұмысын жүргізіп жатыр.

ІІМ ресми мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстан азаматтығынан айырылғандардың 250 фактісі тіркелген. Негізгі бөлігі Ресей Федерациясының азаматтығын алған адамдар. Шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 31 адам әкімшілік жауапкершілікке (ӘЖ) тартылған.

Аталған факті бойынша көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2023 жылдың шілдесінде көрші елдің азаматтығын алып, бұл туралы билік өкілдеріне хабарламаған. Сол үшін ол құқық бұзушы ӘЖ тартылды. Жас жігіттен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленген. Сондай-ақ ол Қазақстан азаматтығынан айырылмақ.

- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес енді шетелдік азамат Қазақстанға алдағы 5 жылда кіруге болмайды. ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейтіні туралы еске салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды, - дейді ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды