Ресейдегі соғысқа қатысқан қазақ азаматы бас бостандығынан айырылды

15.01.2025, 09:05
634
Ресейдегі соғысқа қатысқан қазақ азаматы бас бостандығынан айырылды ria.ru

Келісімшартта ай сайын 240 000 рубль еңбекақы алатыны жазылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сәтбаев қалалық сотында бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыс жасаған, қарулы қақтығысқа және шетел мемлекетінің аумағындағы әскери әрекеттерге жалдамалылық белгілерінсіз қасақана заңсыз қатысқан Қазақстан азаматына қатысты үкім шықты.

Сот материалдарына сәйкес, 2022 жылдың күзінде Жезқазған қаласында жүрген сотталушы Қазақстан Республикасының азаматы бола отырып, «В» жекеменшік әскери компаниясының (әрі қарай – ЖӘК) құрамында қарулы қақтығысқа қатысу идеясын жүзеге асыруға шешім қабылдаған. Оның мұндай қадамға баруына қайтыс болған әкесі Харков қаласының тумасы болуы және шетел билігі орыс ұлтының құқықтарын шектеп жатыр деп санауы себеп болған. Осы мақсатта ол шетел мемлекеті аумағындағы қарулы қақтығысқа заңсыз қатысу үшін ЖӘК өкілдерімен байланыс орнатуды бастаған.

2022 жылдың қараша айында қылмыстық ниетін жүзеге асыра отырып, сотталушы Жезқазған қаласынан Петропавл қаласына пойызбен барып, сол жерден таксимен Қазақстан шекарасын кесіп өтіп, шетелдегі «Курган» өткізу пункті арқылы өткен. Кейін ЖӘК өкілдерімен байланысып, Краснодар өлкесіндегі «Молькино» ауылындағы оқу-жаттығу лагеріне барып, онда келісімшарт жасап, шетелдегі қарсы қарулы қақтығысқа қатысуға ниет білдірген.

Келісімшартқа қол қою кезінде ол ай сайынғы еңбекақысы 240 000 рубль екеніне және қаза тапқан жағдайда досына 5 000 000 рубль көлемінде қаржылай өтемақы төленетініне келіскен. Сол күні ЖӘК-тің артиллериялық әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасына жауапты болып тағайындалған. 2022 жылдың 6 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 6 шілдесіне дейін ол шетел Қарулы күштеріне қарсы әскери тапсырмаларды орындап, өзінің қылмыстық әрекеттерін жалғастырған. 

2023 жылдың 28 шілдесінде «Внуково – Астана» әуе рейсімен Қазақстан Республикасына оралған. Осылайша сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 172-бабында қарастырылған қылмысты жасап, яғни шетел мемлекеті аумағындағы қарулы қақтығысқа Қазақстан азаматы бола тұра заңсыз қатысқан.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ,  оның кінәсі Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық ҰҚК басқармасының жедел қызметкерінің рапорттарымен, жеке тінту хаттамаларымен, тұрғылықты жерін тінту хаттамасымен, ұялы телефонын тексеру хаттамасымен, екінші деңгейлі банктердегі қаржылық транзакциялар туралы деректермен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылды, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді,-делінген Ұлытау облыстық соты мәліметінде.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды