Respublica партиясының кезектен тыс III съезі өтті

01.08.2023, 14:14
725
Respublica партиясының кезектен тыс III съезі өтті «Respublica» партиясы

Ақмола облысында өткен Respublica партиясының көшпелі кезектен тыс III съезінің жұмысы аяқталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 165 делегат – тең төрағалар, Мәжіліс және түрлі деңгейлі мәслихат депутаттары, филиал басшылары мен партия белсенділері жиналып, партия қызметін дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Съезд өтетін орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақ көсемдері мен қолбасшылары Бұрабай көлінің жағасына жиналып, белгілі кезеңнің қорытындысын шығарып, өмірлік стратегиясын айқындағандарын тарихтан білеміз. Көкше тауының етегінде ру басшылары Абылайды қазақ хандығының басшысы деп жариялап, оны ақ киізге көтерді. Партия ұжымы осынау киелі мекеннің қуатына толығып, ата-баба рухын сезіну үшін осында жиналды.

Съезд аралық нәтижелерді шығаруға, азаматтардың өтініштерін талдауға және жақын арада міндеттерді айқындауға арналған «сағаттар синхронизациясына» айналды.

«Respublica» партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров әріптестеріне фракцияның соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап берді. Мәжіліс депутаттары заң шығару жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, Парламенттегі бірінші сессияда фракция депутаттары үш заң жобасына бастамашы болып, түрлі заңдарға 195 түзетудің авторы болды, жалпы отырыстарда 33 рет сөз сөйледі, түрлі заң жобалары бойынша үш жұмыс тобын басқарды.

Фракция ауыл мен қала өмірінің айырмашылығын жоюға, шағын және орта бизнестің мүддесі үшін, букмекерлік кеңселер мен лотереялардың қызметін шектеу, синтетикалық есірткінің таралуына және вейптерді сатуға қарсы, жүргізуші куәліктерін шығарудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы, онкологиялық науқастардың мүдделері мен  инклюзивті қоғам құруға белсенді күресуде.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер мен проблемаларды шешу жолдары айтылды: астық және сүт өнімдерін шетелдік жеткізушілердің баға демпингі, өнімді экспорттау және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру мәселелері. Осы бастаманың арқасында елімізге Ресей Федерациясынан қауіпті сүт өнімдерін әкелуге тыйым салуға қол жеткізуге мүмкіндік туды.

Фракция білім саласына, қосымша білім беру саласындағы мұғалімдердің жалақысын көтеруге және олардың жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлуде.
Съезд аясында партия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары өтті. Еліміздің жетекші сарапшылары саяси коммуникациялар, қазіргі әлемдегі саяси партиялардың рөлі және өзгерістер стратегиялары бойынша тренингтер өткізді.

Съезд барысында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер бойынша шешім қабылданды. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітіліп, Орталық кеңестің жаңа құрамы сайланды. Облыстар мен қалаларда беделді партия мүшелерін қамтитын аймақтық кеңестер құру ұсынылды. Қуатты ел дегеніміз – ол мықты өңірлер, сондықтан да белсенділік жергілікті жерлерден басталады.

Сонымен қатар «Respublica jastary» жастар бірлестігін құру туралы шешім қабылданды. Бұл өте маңызды бағыт, өйткені өңірлерді аралау барысында депутаттар партия қатарына қосылып, еліміздің дамуына үлес қосқысы келетін жастардың қатарын кездестіреді.

Айта кету керек, "Respublica" өзін мета-партия ретінде көрсете отырып, қағазға басылған материалдардан бас тартты. Съездің барлық ақпараттық материалдары сандық папкаға орналастырылған, делегаттар мәліметтермен QR коды арқылы кіріп, танысты. Сондай-ақ съезге онлайн дауыс беруге және оның нәтижелерін бірден көруге мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді.

«Өткен кезең біздің Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың биік мінберлерінен өз пайымын батыл жариялайтын, онымен санасатын, оның ниетін шындыққа айналдыратын алып саяси күш екенімізді көрсетті. Бұл ұзақ жолдың басы ғана.

Бізге сеніп, сапалы саяси трансформацияларды күтіп отырған «Respublica» партиясына атсалысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Біз тек алға ұмтылып, нәтижелі әрекет етіп, ортақ іс үшін еңбек етуді көздеп отырмыз.

Біздің ең басты құндылығымыз – артымыздан ерген, бізге ұмтылғандардың сенімі. Қарапайым қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді шешуді жалғастырамыз», - деді партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров.

Съезд барысында партияның үлкен жеңісі белгілі болды. Үкімет вейптерге, оларға қосылатын хош иістендіргіштерге және электронды сұйықтықтарға тыйым салу туралы бастаманы қолдады. Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауалды «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау айтты. Енді бұл тыйымды бекіту үшін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілуі керек.

«Respublica» партиясы қазақстандықтар өмірінің әртүрлі салаларындағы қайта құруға бағытталған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда. Партияның басымдықтары – қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру, кәсіпкерлерді қолдау, еліміздің дамуы.

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды