Сабақ өтпесе де жалақы алып келген мектеп директоры жұмыстан қуылды

30.05.2023, 16:04
715
Сабақ өтпесе де жалақы алып келген мектеп директоры жұмыстан қуылды smartnews.kz

Елордада мектеп директорының ісі арнайы жұмыс тобында қаралып, нәтижесінде ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының білім басқармасы №49 орта мектептегі жағдайға түсінік берді.

«Аталған мектеп директорына қатысты қызметтік тергеу жүргізу үшін басқарманың 26 мамырдағы №1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. 26 мамырда жұмыс тобының қорытындысы бойынша мектеп директорының іс-әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінде №49 орта мектептің директоры білім басқармасының 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен жұмыстан шығарылған», - делінген хабарламада.

Желіде тараған ақпаратқа сенсек, мектеп директоры «Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы» және «Жаһандық құзыреттілік» сияқты факультативті сабақтар үшін ақша алып отырған, бірақ сабақты өткізбеген.

Бұл жайында мектеп оқушылары арнайы видео түсіріп, көпшілікке жариялады.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол