"Салтанатқа ұқсайтын қызды әкеліп, қамап отырған": Бишімбаев өз қылмысын қалай жасырмақ болған?

15.12.2023, 09:18
2042
"Салтанатқа ұқсайтын қызды әкеліп, қамап отырған": Бишімбаев өз қылмысын қалай жасырмақ болған? ашық дереккөзден

Экс-министр Қуандық Бишімбаев өз қылмысын қалай жасырмақшы болды?

Smart News басылымының хабарлауынша, күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов қарындасының өліміне қатысты айтылмаған деректерді ақтарды. 

Қайрат Нүкенов YouTube желісіндегі Ертісбаев Live арнасының "Прямо по Кунаева" бағдарламасына берген сұхбатында Қуандық Бишімбаевтың өз қылмысын қалай жасырмақ болғаны туралы айтып берді.

“Қуандық пен Салтанат арасындағы жайт 9 қараша күні болған. Қарындасым Салтанат ресторанның вип-залынан шықпай қойған. Менің ойымша, дәл сол уақыттарда қарындасым көз жұмған болуы мүмкін.

Және дәл сол күні түстен соң Бишімбаев мейрамханаға бір қызды шақырған екен. Біздің білуімізше, ол әкелген қыз Салтанатқа қатты ұқсайтын көрінеді. Ол қызды ресторанға шақырып, оны да көршілес вип-залда шамамен бір жарым сағат ұстаған.

Одан бөлек дәл осы уақытта Бишімбаев қарындасымның барлық әшекейлерін шешіп алған. Салтанаттың әшекейлері Бишімбаевты ұстау кезінде табылды.

Бишімбаевтың інісі болса, Салтанаттың сырт киімдері мен жаңа киімдер алып келген. Соған қарағанда Бишімбаев Салтанатқа ұқсайтын қызды шақырып, Салтанаттың киімдерін кигізіп, әшекейлерін таққызып ресторанның камераларында Салтанат мейрамханадан өзі шығып кеткен секілді көрсеткісі келген болуы керек. Біздің күдігіміз осы”, – дейді Салтанаттың ағасы. 

Сондай-ақ Салтанаттың ағасы Қайрат Нүкенов қайғылы оқиғадан кейін Бишімбаевтар кешірім сұрады ма деген сұраққа да өз жауабын берді. 

“Болған оқиғадан кейін туыстары Павлодарға келді. Павлодардан Бишімбаевтың әкесі мен Қайрат деген ағасын көрдім. Сосын олар Астанаға қайтты. Қазір 12 желтоқсан ғой, бірақ осы күнге дейін татуласайық деп кешірім сұрап алдымызға ешкім келген де жоқ”, – деді Қайрат Нүкенов. 

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды