1613

Сейфуллин Жолбарыстың әйелі екі жыл бұрын ажырасып кеткенін әшкере қылды (ФОТО)

Екатерина Вайт жасырын шындықты жайып салды.

Сейфуллин Жолбарыстың әйелі екі жыл бұрын ажырасып кеткенін әшкере қылды (ФОТО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс пен Екатерина Вайттың ажырасқаны расталды.

Бұл туралы Екатеринның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әншінің экс-жұбайының сөзіне қарағанда, жұлдызды жұп осыдан екі жыл бұрын екі бөлек кеткен.

Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз, - деп жазды ол.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор