1106

Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді

Семей қаласының кондитерлері бірлесіп қала күніне орай 20 метрден асатын тәтті торт әзірледі.

Семейде қала күніне орай 20 метрлік торт әзірленді
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде бүгін қала күні тойланып жатыр. Айтулы күнге орай шаһарда әртүрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Атап айтқанда ойын-сауық бағдарламалары, көрмелер, мерекелік концерт, спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Ертіс өзенінің оң жағалауында Семей қаласының кондитерлері бірлесіп қала күніне орай 20 метрден асатын тәтті торт әзірледі. Тортты кондитерлер қала тұрғындарымен бірлесіп безендірген. 

Әкімдік қала күні Семей қаласының орталығында ғана емес, Жоламан, Дальняя, Степной, Мирный, Юность, Шығыс кенті сияқты қаланың шеткері аумақтарында да өз деңгейінде аталып өткенін хабарлады.

Қала күнін Семей қаласы бойынша 40 мектеп  тойлады. Аталмыш шаралар барысында спорттық жарыстар, ұлттық көрмелер, концерттік бағдарлама мен  патриоттық әндерден байқау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, "Әкем, шешем және мен" отбасылық спорт сайысы өтіп, жеңімпаз командаға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Оқушылар “Менің сүйікті қалам" тақырыбында өткізілген  интеллектуалды ойындарды ұйымдастырып, ұлттық биден жарыс өткізді,-делінген әкімдік таратқан мәліметте. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор