«Сен көмек бердің бе?»: Дариға Бадықова су тасқынына көмек бермеді деп айыптағандарға ашуланды

16.04.2024, 12:46
2076
«Сен көмек бердің бе?»: Дариға Бадықова су тасқынына көмек бермеді деп айыптағандарға ашуланды dariga_badykova

Көпшілікке «Келінжандағы» Айсара боп танылған актриса, продюсер Дариға Бадықова өзінең «су тасқынына қандай көмек көрсеттің» деп сұраған желі қолданушыларына жауап берді.

«Қайтейін, айтпасқа болмады-ау. «Сен көмек бердің бе?» деген сөздерге жауап!!! Жалпы көмек бергенді, қайырылымдылық жасағанды, айтпайтын еді. Сіздер қоймай айтқызып жатырсыздар! Бердім! Апат болсын, басқа да жағдай болсын, пейілдің тарылғанынан, қара ниет болудан! Сол, аңдып «мынау аз-ақ беріпті, мынау бермепті» деп отырғандар, өздеріңіз бердіңіздер ме? «Бізде жоқ қой» деп тағы жоқтап шығасыздар! Садақаның құны жоқ қой, қанша берсең де қолыңнан келгенді бересің. Сол айтып отырғандар өз туғандарына көмек беріп отыр ма екен?! Бір үйде бір бауырын көк есек қылып мініп алып өмір сүріп жатқанын міндет қылып отыр ма екен?! Біреуге бірдеңе айтпас бұрын өзіңізге қарасаңыз өзіңізден-өзіңіз шошып кетесіз!», – деп ашуланды актриса.

Сондай-ақ, өнер иесі қиын кезеңде өнер адамдарын кінәлап, ақша жинауға мәжбүрлейтін халықты да кінәлады.

«Қарапайым халық деп бөліне қаламыз. Біздің айырмашылығымыз – мамандығымызда. Сіз де өз мамандығыңыздан нәпақа тауып, күнде жұмысқа барып жүрсіз! Біздікі де сол. Қарызға үлкен сомма алып, оны екі есе қылып қайтарып, кино түсіріп, мемлекетке қомақты салығымызды төлейміз. Салық – халықтың ақшасы. Сол ақшаны бердік, анығында қайтардық. Өнер – Құдайдан келген сый. Өнер адамдарының жиналып салған ақшаларын желіге жерден жеті қоян тапқандай жарысып салып әлексіздер. Жинамаса жинамады деп қарғайсыздар, жинаса жинағандарын күлкі етіп тағы сөгесіздер! Ұят болады. Одан да ниетімізді түзейік! Бәрін Үкіметтен көріп отыра бермейік! Елдің көтерілуіне атсалысайық! Пейіл мен мәдениетіміз дұрысталса әлі көрер қызығымыз алда. Көтеретін де – халық! Қарғайтын да – халық! Жер қылатын да – халық!», – деп жазды Дариға Бадықова. 

Ер адам досын өлтіріп, денесін өртеп жіберді Павлодарда мәңгілік алау жанында би билеген оқушы қыздар жазаланды «Шариғатта тыйым салынған»: Асанәлі Әшімовтің актрисаларға киімін сыйлағаны сынға қалды (ВИДЕО) Дәрігерлер Таразда соққыға жығылған депутаттың жағдайы туралы айтты Тарбағатай ұлттық паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген АҚШ-та иммиграциялық қысым қарсы 20 штат Трампты сотқа берді «Құрмет» орденінің иегері 8,5 млрд теңге ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастамақ Газ жарылысынан қаза тапқан балалардың суреті жарияланды Таразда депутатты ұрып кетті Бүгін еліміздің екі өңірінде 43 градус аптап ыстық болады «Маған «албасты» деді»: Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясованың теріс қылығын әшкереледі «Күйеуін қолдан келгенше адам қылды»: Сексолог әйел 10 жыл бірге тұрған күйеуін пышақтаған «Болашағынан зор үміт күтіп едік»: Ресейлік белгілі скрипкашы қызды хирург өлтіргені белгілі болды «Жәрдемақысын сіңілісі алады»: Шымкенттік тыл ардагері қоқыс пен жәндік қаптаған жерде тұрып жатыр (ВИДЕО) «Жыныс мүшесін шығарып қозғады»: АҚШ-тағы қазақ студенттері педофилді ұстап алды (ВИДЕО) «Заң мен тәртіп»: елорда мектептері арасында қойылымдар байқауы өтті Төмен күнкөрістен шаршаған ақтаулық рекордсмен Ұлыбританиядан саяси баспана алды Маңғыстау жасөспірімдер арасындағы жүктілік бойынша көш бастап тұр «15 жылда тілімізден айырыламыз»: Қырғыздар қазақ тілінен қорқып отыр