СЕНСАЦИЯ: 17 жастағы Жібек Құлымбетова 11 дүркін әлем чемпионы атанды

03.11.2024, 10:10
3540
СЕНСАЦИЯ: 17 жастағы Жібек Құлымбетова 11 дүркін әлем чемпионы атанды instagram.com/zhibek_bjj

Қазақтың қаршадай балуан қызы Жібек өзінің чемпион екенін осымен 11-рет әлемге дәлелдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 жастағы Жібек Құлымбетова джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 дүркін әлем чемпионы атанып, жетістіктерімен әлемдегі спорт сүйер қауымның таңдайын талай қақтырған қазақтың жас балуан қызы.

23-28 қазан күндері Грекияның Гераклион қаласында JIU-JITSU WORLD CHAMPIONSHIP 2024 әлемдік чемпионаты өтті. Ал оның U16-U18-U21 жастар категориясындағы додасына 46 елден 1621 жас спортшы қатысқан. Белгілі болғандай, олардың арасында балуанымыз Жібек Құлымбетова да бар.

Жібек әлем чемпионатына қыздар арасындағы U21 категориясы, Ne-Waza бөлімі бойынша (партерге жығып күресу) белдесуге қатысқан.

Чемпионат басталғаннан-ақ 48 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген Жібек, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қарсыластарын белдескенде бірден жер иіскетіп, жеңіске деген үмітсіз үйіне қайтарып отырған. Ақыры финал үшін күресте БАӘ-нің спортшысы Балкис Абдо Абдулланың орынын екінші қатарға бір-ақ түсірген.

Осылайша 17 жастағы қаршадай қыз Жібек Құлымбетова - Грекиядағы додада сөзсіз әлем чемпионы атанды. 

Айтқандай, Жібек қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жеткізе отырып, Қазақ еліндегі жанкүйерлеріне алғысын да білдірген.

Jiu-Jitsu Ne-Waza бөлімі бойынша U21 жастар арасында Әлем чемпионы атандым. Аллаға шүкір!

Менің салмақ дәрежемде Грекия, Израиль, Франция, БАӘ, Моңғолия, Украинадан келген мықты спортшылар жиналды. Барлық спортшы өз елдерінің үздіктері.

Бапкерім Самат Айтпанбет және Самат Рамазанов атындағы академияға рахмет!

Қолдау көрсеткен барша қазақ еліне алғыс білдіремін! Жеңісті күндеріміз көп болсын, Қазақ елі!🇰🇿, - деп жазды чемпион қыз.

Сурет: Грекияның Гераклион қаласында 11-жүлдені иеленген Жібек Құлымбетова / instagram.com/zhibek_bjj

Осылайша Жібек Құлымбетова жаһандық жарыстағы 11-ші алтынын алқалады. Дәлірек айтқанда, ол джиу-джитсу бойынша 8 дүркін, ал грэпплингтен үш дүркін жастар арасындағы әлем чемпионы.

Айта кетейік, жақын күндері Жібек тағы бір жарыста бақ сынамақ. Ол 15 қараша күні Әбу-Дабиде өтетін AJP (Abu-Dhabi Jiu-Jitsu Pro) әлем чемпионатында 12-ші алтын үшін белдеседі.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген