ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді

Аиса Махамбет Редактор
23.11.2024, 13:13
756
ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді admkrai.krasnodar.ru

Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биылғы алғашқы сәби дүниеге келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өңір бойынша осы жылы «Аңсаған саби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ жасатуға 252 квота бөлінген. Көптен күткен алғашқы сәби қараша айында дүниеге келді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Өскемендік ерлі-зайыпты үш жыл бойы бедеулік бойынша есепте тұрған. Содан соң көмекші репродуктивті технологияның көмегіне жүгініп, ЭКҰ жасатты. Осылайша, 27 жастағы әйел жүкті болып, қыз туды. Нәрестенің салмағы - 3050 грамм, бойы - 48 сантиметр.

Осы ретте, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас репродуктологы Надира Слямханова Аңсаған саби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ жасатқысы келгендерге не істеу керектігін түсіндіріп берді. 

«Пациент МӘМС шеңберінде репродуктивті технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды өз бетінше таңдайды. Содан кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер комиссиясының қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет. Учаскелік дәрігер пациентті бедеуліктен зардап шегетін диспансерлік науқастардың электронды регистріне енгізеді. Тиісті тексеруден өткеннен кейін және бедеуліктің себептерін анықтағаннан соң 12 ай ішінде бейінді маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен көмекші репродуктивті технологияларды жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді», - дейді ол.

Оң шешім қабылданған кезде госпитализация бюросының порталында пациент құжаттардың толық пакетімен тіркеледі. Оған қызметтерді алудың күні мен уақыты айтылады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды