Танымал журналист Дина Төлепберген халық әртісі Димаш Құдайбергеннің құндылықтар жөнінде айтқан ойына қатысты пікір білдірді.
“Әлемдік мега жұлдыз Димаш Құдайберген күні кеше толғандырып, тебірентер сөзімен жүректі қозғады. Мен Димашты 2011 жылдары “Саз әлемі" бағдарламасынан білемін. Кезінде мен де сарапшылар тізімінде болған едім. Алайда "шыңғырғандардан қорқамын" дегендер болып еді. Шыңғырады деген ұл қазір шыңға шығып, шын талант екенін әлемге мойындатты. Расында да, қазақтың маңдайына біткен марқасқа. Ата-әженің тәрбиесімен сусындап, өнерді сіңірген өнерпаз. Алға, Димаш!" – деп жазды Дина Төлепберген.