Соңғы кездесу: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің қазасына байланысты ерекше жазба қалдырды

Аиса Махамбет Редактор
21.01.2024, 17:32
2633
Соңғы кездесу: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің қазасына байланысты ерекше жазба қалдырды видеодан алынған кадр

Журналист ұлының әкесімен соңғы кездесуінің бейнежазбасын да жүктеген.

Smart News басылымының хабарлауынша, белгілі тележурналист Дана Нұржігіт қазақ жұртына бұрынғы жары, танымал журналист Владимир Рерихтің қазасын естірткеннен кейін, жан тебірентерлік сөзін арнаған. Бұл туралы Aiqyn.kz жазды.

"Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен…

Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық.

Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма,маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді", - дейді Дана Нұржігіт.

Ол былтырғы желтоқсанда Берлинге билет алғаны жоспарлы сапар болмағанын есіне алады.

"Қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя!

Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің…

Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой…

Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннаттан рахат тапсын!

Кешір мені!", - делінген жазбада.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды