Сот Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилерге сұрақтарды дайындап жатыр
«БАҚ өкілдеріне залдан шығуды сұраймын» деді судья Айжан Құлбаева.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесіне қатысушылар үкім шығару кезінде алқабилер жауап беруі тиіс сұрақтарды дайындауға кірісті. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.
– Тараптар алқа билердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылауы тиіс. Алқабилер мәселелерді талқылау және қалыптастыру кезінде кеңесу бөлмесінде болуы керек. Осы себепті алқа билерден залдан шығып, трансляцияны тоқтатуды, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне залдан шығуды сұраймын, - деді судья Айжан Құлбаева жұма күнгі сот отырысында.
Сұрақтар алқабилердің, БАҚ-тың қатысуынсыз және трансляциясыз дайындалады.
Еске сала кетсек, 6 мамырда сотталушылар соттағы соңғы сөзін айтты. Қуандық Бишімбаев алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін мәлім етті. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, оларды кінәламауды өтінді.
Бақытжан Байжанов та бұрынғы сөздерін қайталады. Салтанаттың отбасына, жақындарына көңіл айтып, олардан кешірім сұрады.
“Мен ант етемін – сол кезде Салтанат өлім аузында жатқанын білмедім” дейді ол.
Материал авторы