Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеу тақырыбында байқау жариялады

04.12.2023, 10:14
1051
Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеу тақырыбында байқау жариялады t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеу тақырыбында балалардың республикалық сурет және шығармалар байқауын ұйымдастырады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Байқауға 5 жастан 16 жасқа дейінгі кез келген үміткер қатыса алады. «Үздік сурет» және «Үздік шығарма» қос номинациясында 2 жеңімпаз анықталады. Барлығы 4 қатысушы жүлдегер болады. Үздік жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмыс бағыттарының бірі - қазақстандықтарды су үнемдеу қажеттілігі және оны тиімді пайдалану әдістері туралы ақпараттандыру. Осы байқау арқылы біз адамдардың, әсіресе өскелең ұрпақтың, оқушылардың назарын осы мәселеге аударғымыз келеді. Су үнемдеу ауыз сумен қамтамасыз етуден бастап ауыл шаруашылығына дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды, сондықтан байқауға қатысушылардың шығармашылығы үшін шектеу жоқ. Ерекше көзге түскен қатысушыларды министрлік басшысы марапаттайды», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Байқау 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады. Жеңімпаздарды жаңа жыл қарсаңында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов марапаттайды. Үміткерлердің жұмыстары +77781345811 номері бойынша WhatsApp арқылы, сондай-ақ Instagram-да #суүнемдеубайқауы хэштегімен қабылданады.

 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды