«Тәйт деудің өзі мұңға айналады»: Қазақстандық ата-аналар одағы заңның өзгертілмеуін сұрап, Тоқаевқа үндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2024, 17:07
1374
«Тәйт деудің өзі мұңға айналады»: Қазақстандық ата-аналар одағы заңның өзгертілмеуін сұрап, Тоқаевқа үндеу жасады бейнежазбадан алынған кадр

«Қазақстандық ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұрып-соғу туралы бапты ҚР Әкімшілік кодексінен Қылмыстық кодекске ауыстыруға қарсылық танытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және жеңіл зиян келтіру баптарын ауыстыруды көздейтін заң жобаларын мақұлдаған еді. Қазір заң жобасы Сенат талқылауында.

"Қазақстандық ата-аналар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері заң күшіне енсе, баланы тезге салу былай тұрсын, “тәйт” деудің өзі мұңға айналатынын айтады. Ал ата-анаға қарсы шыққан баланың қоғамда өз орнын табуы қиын.

“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мәжіліс және сенат депутаттары! Біз ұрып-соғу туралы бапты ҚР Әкімшілік кодексінен Қылмыстық кодекске ауыстыруға қарсымыз. Шындап қарағанда, бұл заң балаларды ата-анасынан ажыратуға апарады”, – дейді бірлестік мүшелері.

Олардың айтуынша, баланы нұқып қалғаннан көгеру белгілері білінбейді. Оның бар-жоғын дәлелдеу мүмкін емес. Әке-шешесінің мұндай әрекеті үшін сотталып, ата-ана құқығынан айырылуы масқара, деп есептейді ата-аналар.

“Анасы туған баласына “сабағыңды оқы” деп, нұқып қалғанның өзі заң бұзушылық екен. Бұлай жалғаса берсе, балалар ата-анасын тыңдамай зиянды әдеттерге әуес болмай ма? Мұндай заң шетелдіктерге еліктеу болып табылады. Біздің ата-бабамыздан келе жатқан бала тәрбиелеу, үлкендерді сыйлау дәстүрі бар. Отбасы – мемлекетіміздің іргетасы. Сондықтан да, баласын тезге салған әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға қарсымыз!” – дейді бірлестік мүшелері.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды