«Таксист әже». Маңғыстауда жетпістен асқан кейуана талайды таңқалдырып жүр

Аиса Махамбет Редактор
09.03.2024, 11:28
898
«Таксист әже». Маңғыстауда жетпістен асқан кейуана талайды таңқалдырып жүр жеке мұрағатынан

Ол 25 жылдан бері такси боп нәпақа тауып жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстаулықтарға ерекше таныс такси әже биыл жетпіс жастан асты. Бұл туралы Kazinform жазды.

Алғаш рет тұрмыс жайымен отбасын асырау үшін темір тұлпарды тізгіндеп, көліктің рөліне отырған Гүлшара Жолдасбаева Маңғыстаудың дүйім жұрты жақсы таниды. 49 жасында нәпақа табу үшін такси атанған әже 25 жылдан бері жолаушы тасып жүр.

Егде тартқанына қарамастан кейуана Ақтау қаласы Маңғыстау ауданының орталығы Шетпенің арасында жолаушы тасуды бүгінде өзгермейтін үрдіске айналдырған.

«Өмір болған түрлі жағдайлар адамның басынан өтеді ғой. Бірақ тағдырдың ауыртпалығы деп қол қусырып отыра берген еш адамға жараспайды.  90-жылдары менің отбасымды асырау керек болды. Сол уақытта балаларым кішкентай еді. Әрі жолдасым да болмады. Сондықтан ер адамның жұмысына араласуыма амалсыз тура келді», — дейді такси әже.

Гүлшара Жолдасбаева бастапқыда ауыл ішінде такси болған. Кейін Ақтау мен Шетпе кентінің арасында қатынайтын жолаушыларды тасымалдауға көшкен.

«Ауылда такси болып әбден үйренген соң араға 4-5 жыл салып Ақтау мен Шетпе арасында жолаушы тасымалдауға көштім. Көлікке отырарда адамдар таң қалатын. Көбі әйел жүргізуші деп сеніңкіремей, отырмайтын. Алайда кейін мұндай жағдай сап тыйылды», — деп еске алады қарт таксиші.

Күнде такси болғалы бері әженің тұрақты жолаушылар да пай болған. Олардың алдың 15 жылдан бері Гүлшара Жолдасбаева тізгіндеген көлікке отыруды өздеріне міндет санайды.

«Қанша жолда жүрсем де осы күнге дейін жол ережесін бұзбаппын. Жылдамдықты да шамадан тыс асырған кезім болған емес. Жолаушы үшін күннің уақытына қараған кезім болмады. Ауруханаға, әуежайға кешіккен адамдарды да уақытынан кешіктірмей жеткізген кездерім болды. Таксиліктен тапқан қаржымен бала-шағамды өсірдім. Тіпті, көлік сынған сәтте өзім жөндейтінмін», — дейді Гүлшара Жолдасбаева.

Әдетте таксиді кәсіп қылғандардың қартамысы болса да олардың барлығы ақ сақалды аталар екені белгілі. Алайда өзге өңірден келген әженің көлігіне отырған сайын таңданыстарын жасыра алмайды. Әжеміздің айтуынша, ол кісі Маңғыстау ауданына қарасты Жыңғылды ауылында дүниеге келген. Бүгінде үш ұлы мен төрт қызынан туған 22 немере-шөберелері әжесіне асқан зор құрметпен қарайды.

Айта кететін жайт, әжей 1999 жылдан бері такси қызметі үшін 6-7 рет көлік алмастырған. Әуелде көпшілікке «Москвич 412»-ні де тізгіндеді. Кейін «шестерка» атымен танымал «Жигули 2106» көлігін мінген. Бері шетелдік көлікке отырып, «Опельмен» талай елді жетер жеріне жеткізді. Бүгінді «Тойота камриде» жүрген апа Гүлшара Жолдасбаева Маңғыстаудағы бірегей такси.

«Өмірде істейтін жұмыстан қорқыдың қажеті жоқ. Білекті сыбанып кіріссең сен алмайтын асу қалмайды. Ең бастысы адамда табыс табуға деген ниеттің болуы шарт. Өзіңнің жұмысынды асқан махаббатпен адал атқарсаң табысты боларың анық», — дейді такси әжей Гүлшара Жолдасбаева.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты