«Талай рет лауреат атанғанмын»: актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әншілігін сынағандарға жауап қайтарды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
22.01.2025, 18:15
1124
«Талай рет лауреат атанғанмын»: актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әншілігін сынағандарға жауап қайтарды (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Ол Райымбек Сейтметовтың шәкірті екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Instagram желісіндегі парақшасында архивтегі видеосын жариялап, кәсіби музыкант екенін айтты. 

"Бұл 1997 – жыл. Жасым 16-да. Мен кәсіби домбырашымын, керемет ұстаздардан білім алғанмын. Талай рет лауреат атанғанмын. Жалпы кәсіби музыкантпын", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева. 

Актриса жазбасында "Сен ән айтпай-ақ қой, сахнаға әркім бір шыға береді", деп сынайтын желі қолданушыларына да жауап берген.

"Мен ұлы ұстаз Райымбек Сейтметовтың шәкіртімін кәсіби әртіспін! Әлімбек Қонысбековтың домбыра класын тәмамадағанмын", - деді ол. 

Сондай-ақ актриса ең алғаш театрда өнер көрсетуіне себепкер болған ұстазын да еске алды. 

"5 сынып оқып жүргенде Айнұр деген ұстазым бар еді, ең алғаш театрда ертегі қойып ойнатқан, фамилиясы есімде қалмапты. Бір жыл ғана жұмыс істеп Кентаудан көшіп кетті", - дейді Жұлдызай Дүйсенбиева. 

Видеоны көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін жазуда. 

"Жақсы айтады екенсіз", "Райымбек Сейтметовтей керемет актер, режиссер ұстаздан тәлім алған шәкірттері жасай берсін", "Керемет, талантыңызға тәнтіміз", "Бірінші рет естіп тұрмын, керемет", "Керемет нағыз әртіс жан-жақты талантты жансыз", "Керемет. Неге ән айтып шықпайсыз?", - деп жазған актрисаның желідегі оқырмандары. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр