Танымал балуан Айша Уәлишан мен оның күйеуі 23 жастағы жігітті құлдықта ұстап, оны зорламақ болған

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2024, 16:10
4267
Танымал балуан Айша Уәлишан мен оның күйеуі 23 жастағы жігітті құлдықта ұстап, оны зорламақ болған ашық дереккөзден

Петропавл полициясы танымал күрес шебері мен оның күйеуіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, СҚО-да танымал қазақстандық спортшы, әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Айша Уәлишанның отбасы 23 жастағы жігітті құлдықта ұстады деген күдікке ілінді. Солтүстік Қазақстан облыстық полициясы аталған ақпаратты растады.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, күрестен Азия ойындарының қола жүлдегері Айша Уәлишан отбасымен жас жігітті үйінде 10 ай бойы құлдықта ұстаған. 

Алматы облысының 23 жастағы Мұқан есімді тұрғыны Солтүстік Қазақстандағы ауылда 10 айдан астам уақыт құлдықта болғанын айтып, шағымданған. Оның айтуынша, спортшы мен күйеуі екеуі оны ауылға алдап шақырып, тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеп, өз үйінде күштеп ұстаған. 

"Мұқан А-мен (спортшының күйеуімен) танысып, олар сөйлесе бастаған, ол Мұқанға қоңырау шалып, олар бір жылдай телефонмен сөйлесіп, байланысып жүрген. Кейін ол Мұқанды шаруа қожалығында жұмыс істеуге шақырып, 500-600 мың теңге жалақы ұсынған. Алғашында Мұқаң екі-үш ай жұмыс істеп, үйіне қайтуға келіскен. Ол келісіп, жұмысқа барған", — дейді Мұқанның қорғаушысы Нұрболат Ибраев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Заңгердің айтуынша, спортшының отбасы Мұқанның телефоны мен құжаттарын тартып алған. 

"Ешқандай айлық алмайсың деп тіке айтқан. Мұқанды үйінде күштеп ұстап, біраз уақыт өткен соң жүйелі түрде ұрып-соға бастаған. Спортшының күйеуі Мұқанды әкесімен және көршісімен бірге ұрып-соққан. Мұқанның басы мен денесінде көптеген жарақаттар бар, олардың барлығы анықталды. Ол қашып кетпек болған, алайда оны ұстап алып, тағы да қатты соққыға жыққан, құлағын кесіп тастаған", – дейді адвокат Нұрболат Ибраев.

Оның айтуынша, Мұқан моншада тұрған және дұрыс тамақтанбаған.

"Мұқан көршінің баласымен сөйлесіп, телефонмен ағасына хабарласқан. Ағасы баланың нөміріне ақша жіберіп, ол ақшаны Мұқанға шешіп берген. Ол екі күн қамыстың арасына тығылып, далада жаңбыр астында жүрген. Одан кейін аудан орталығына жетіп, ол жерден Көкшетауға баратын көлік жалдаған. Сол жерде ағасымен хабарласып, ақыры үйіне қайтты", – дейді Нұрболат Ибраев.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, істің барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады