857

Тауға шығамыз деп үш жасөспірім адасып қалған

Іле Алатауының тауларында үш жасөспірім адасып кеткен. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тауға шығамыз деп үш жасөспірім адасып қалған
gov.kz

2023 жылдың 15 тамызында үш жасөспірім таңертең тауға шығып, сағат 18.30-да ата-аналарына төмен түсіп бара жатқанын хабарлап, кейін телефон байланысы өшіп қалған. Сағат 00.15-те ТЖМ құтқарушыларына жас жігіттердің бірінің әкесі қоңырау шалған. 

ТЖМ-нің баспасөз қызметінің дерегінше, туристер тобын іздеуге Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шыққан. Сағат 4:35-те жасөспірімдер тобының бірі әкесіне адасқандары туралы хабарлама жазып, геолокацияны жіберген. Іздеуге туыстары қосылды.

- Сағат 08:25-те ТЖМ құтқарушылары Күмбел шыңынан балаларды аман-есен тауып алды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Жасөспірімдердің бірінің әкесі құтқарушыларға жұмысы үшін алғысын білдірді, - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Сондай-ақ тауға бір күнге болса да баратын туристерге ТЖМ құтқарушылары таулардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын мұқият зерделеуді ұсынды. Құтқарушылар тауға жалғыз бармауға, өзіңізбен бірге GPS навигаторын алып жүруді ұсынды.