Теннисші Юлия Путинцева Олимпиадаға қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)

27.07.2024, 18:57
1062
Теннисші Юлия Путинцева Олимпиадаға қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) ktf.kz

Ел намысын қорғау қашанда үлкен құрмет деп білдім дейді Путинцева.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның екінші, әлемнің 30-ракеткасы Юлия Путинцева Париж Олимпиадасына жарақатына байланысты қатыса алмағанын түсіндірді. 

Қазақстандық теннисші Уимблдонда тізесінен алған жарақаттың әлі күнге дейін маза бермегенін жеткізді. Оның айтуынша, өзінің командасы, TEAM Qazaqstan және Қазақстан теннис федерациясы қанша күш салса да, қалпына келе алмаған.

«Мен ел намысын қорғауды қашанда үлкен құрмет деп білдім. Қазақстан үшін барлығы 40 матч өткіздім. Билли Джин Кинг кубогы үшін қазақстандық құрамадан ең көп жеңіске қол жеткіздім. Өкінішке қарай, бұл жолы кортқа шығудың өзі мүмкін болмай тұр. Мен командамнан, Қазақстан теннис федерациясынан, жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бұл мен үшін өте ауыр», - деді Юлия Путинцева. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Румыниядағы WTA 250 турнирінде топ жарғанын жазған болатынбыз.

Путинцева Париждегі Олимпиада ойындарында өнер көрсетпейді. 

«Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді