2840

"Терезе сындырып қашқан": Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

Тәрбиеленушілер қашып кетуі мүмкін бе?

"Терезе сындырып қашқан": Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр
polisia.kz

8 желтоқсан полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады.

Олар Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 ж.т. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара. 

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 ж.т. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған.

Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан “102” немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.

Материал авторы