«Тіліңнен көр!»: Дариға Бадықова артық сөзге қатысты оқырмандарына ескерту жасады

Аиса Махамбет Редактор
08.11.2024, 18:45
1181
«Тіліңнен көр!»: Дариға Бадықова артық сөзге қатысты оқырмандарына ескерту жасады жеке мұрағатынан

«Сол үшін артық сөйлемеген дұрыс-ау!» деді Бадықова.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал өнер иесі Дариға Бадықова оқырмандарын жақсы сөйлеуге шақырды. 

Өнер иесі айтылған жаман сөздің өзіңе қайтып келетінін еске салды. 

Бәріміз кезекте тұрмыз! Келесі кімнің кезегі екені белгісіз! Сол үшін артық сөйлемеген дұрыс-ау! Ең құрғанда, баламыздың алдын кесіп сөйлемейік. Тіліңнен көр, – деп жазды актриса. 

Айта кетейік, Олжас Абай Бадықованың қатал мінезін айтып, сөзді сүйектен өткізетінін жасырмаған еді. Тіпті «адамды жеп қоятын» қасиеті бар екенін жеткізген еді. 

Сені көрсем ұрысқым келіп тұрады. Әйелдер сияқты ұрысу емес. Сені көрген кезде бірден салмақты болып, әр сөзімді ойланып айтқым келеді. Сенің әр іс-қимылыңды сканнерден өткізгендей боламын. Сені мақтайтын жерде мақтап, даттайтын жерде даттап ұрысқым келіп кетеді. Ол сенің мен үшін маңызды адам екеніңді білдіреді, – деген болатын Олжас Абай. 

Бұған дейін актриса мінезінің қатал екенін мойындаған еді. 

Жалпы мінезім қатал, майда, пәтуәсі жоқ ұрыстарға кірісе бермеймін. Ұрыс болып жатса тоқтатуға тырысамын. Мінезімнің қаталдығы, дауысым да байсалды. Шәңкілдеп айғайлай алмаймын. Не нәрсенің әділ болғанын қалаймын. Жағымпаз мінезділерді суқаным сүймейді. Ешкіні тәте дей бермеймін. Бірақ бірбеткейлігімнің арқасында жетістік болған сияқты, – деп ағынан жарылған еді Бадықова. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады