Тілсіз жаумен күрес кезінде өрт сөндіруші әке атанды
Алматыдағы Жетісу ауданындағы базар маңында өрт кезінде қуанышты жаңалық келді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Алматыдағы күрделі өртті жою кезінде №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Темірбаев Азаттың қызы дүниеге келді. Балақай Темірбаевтар отбасындағы төртінші перзент. Үлкен ұлдары 15 пен 11 жаста, ал қызы 8 жаста.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қаһарман әке Алматы қаласы Жетісу ауданының қоймаларындағы өртті сөндірудің үш учаскесінің бірін басқарған өрт сөндіруші қызметте 21 жыл жұмыс істеп келеді. Ол күрделі өрттерді жоюға қатысып, ондаған адамның өмірін сақтап қалған.