«Тірі деп ойладым»: Ақтөбеде өз пәтерінде көз жұмған дәрігердің өліміне қатысты тың дерек шықты

24.04.2024, 10:20
2953
«Тірі деп ойладым»: Ақтөбеде өз пәтерінде көз жұмған дәрігердің өліміне қатысты тың дерек шықты KAZ.NUR.KZ

Ақтөбеде 22 сәуір таңғы уақытта өзі тұрып жатқан пәтерде пышақ жарақатынан көз жұмған әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты.

Марқұм Мөлдір Томарова қаладағы медицина орталықтарының бірінде дәрігер болып қызмет еткен. Оның көршілері қанды оқиға туралы көрген-білгенін айтып берді, деп жазады kaz.nur.kz.

Ақтөбе қалалық полиция департаментінің өкілдері 22 сәуірде 34 жастағы әйел танысының қолынан көз жұмғанын мәлім еткен болатын. Қанды оқиға туралы полицияға марқұмның көршілері хабарлаған.

Портал тілшісі оқиға орнына барып, марқұмның көршілерімен тілдесті. Қанды оқиға болған пәтер мөрленген. Оқиға болған үйдің тұрғыны жатын киімімен жүрген қызды дәлізде шашынан сүйреген ер адамды көргенін айтты.

Полицияға мен хабарластым. Ол кезде сағат таңғы 5:02 уақытты көрсетіп тұрды. Қыздың жан дауысы шығып жатты. Қарсы есіктен де көршіміз шықты. Полиция 15 минуттан кейін, ТЖД қызметкерлері 40 минут шамасында келді. Үйдің есігі бір сағат айналасында ашылды. Тірі деп ойладым. Көмектесу үшін жүгіріп бардым. Бірақ қыздың кеуде тұсы қан екен. Жұқа жатын киімімен жатты. Бәрі көз алдымда болғандықтан өзім де қиналып жүрмін. Көмек уақытында болса, қыз аман қалар ма еді.

Осыған дейін де ол қыздың түнде дәлізде жылап отырғанын көргенмін. Бірақ ол кезде үйіне кіріп кетті. Қасындағы көршілеріне «біреу гүл әкеліп берсе алмаңдар, полицияға арыз берсем де қоймайды, қорқамын» деген. Барлық жағдайды тергеушіге баяндадым, сотта да айтып беремін», - дейді марқұмның көршісі.

Айтуынша, бұл – мемлекеттік қызметкерлерге арналған үй. Балконы ашық, қауіпсіздік сақталмаған. Тұрғындар кім көрінген кіріп, өлтіріп кетуі мүмкін деп қорқады

Қайғылы оқиға болған үйдің тұрғындары мұндай оқиғаның бұрын болмағанын айтты.

Балконнан кірген деп естідік. Қыз дәлізге шығып қашқан. Қыз қатты айқайлаған. Мұндай жағдай бұрын болмады. Қорқынышты. Ол қызды қатты танымаймыз. Бірақ ауладан көргенбіз, - дейді марқұмның көршісі Махаббат Жамантайқызы.

Ал марқұмның әріптестері бұл оқиғаны әлеуметтік желіден естіген. Қаладағы жеке медицина орталығы қызметкерлерінің айтуынша, эндокринолог дәрігер жақында ғана еңбек демалысына шыққан.

Ол кісі бізде 9 жылдан аса жұмыс істеді. Алғашында терапевт болып келді. Кейін резидентураға түсіп, эндокринолог дәрігері болды. Ауруханадағы жауапты жұмыстарды атқарды. Білікті дәрігер еді. Өкінішті. Ол оқиға болған кезде еңбек демалысына шыққан. Қайғылы хабарды әлеуметтік желіден оқыдық. Қиын жағдай. Төбемізден жай түскендей болды. Ертең жаназасы болады. Ақтық сапарға шығарып салуға әріптестер кетті, - дейді Ақтөбе медициналық орталығы өкілдері.

Білікті эндокринолог дәрігердің өліміне қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Құзырлы орган күдікті марқұмның көлігіне мініп қашты деген мәліметті растамады.

«Көлік марқұмға тиесілі емес. Жалға алған. Оқиғаны бірінші көршілері хабарлады. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, 22 сәуірде Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды. Марқұмның денесінде көптеген пышақ жарақаты мен зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері болған. Күдікті полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Кейін ұсталды.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады