Тоқаев: Қазір болып жатқан оқиға – Ресейдің ішкі мәселесі
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдегі ахуалға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі», – дейді ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Владимир Путин РФ-дағы болып жағдайға қатысты Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғысын айтқан.