Түрік ислам уағызшысы және қоғам қайраткері Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қаза болды

Аиса Махамбет Редактор
21.10.2024, 12:32
1115
Түрік ислам уағызшысы және қоғам қайраткері Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қаза болды Reuters

Ықпалды түрік қайраткері 83 жасында Пенсильваниядағы ауруханада қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркиядағы FETO оппозициялық ұйымының басшысы, президент Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыластарының бірі – Фетхуллах Гүлен қайтыс болды. Аталған жаңалықты "Хизмет" қозғалысы растады.

Ықпалды түрік қайраткері 83 жасында Пенсильваниядағы ауруханада қайтыс болды. Herkul.org басылымында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Гүлен 20 қазанда сағат 21:20-да ауруханада қайтыс болған. Басылым "марқұмның дәрігерлері жақын арада мәлімдеме жасайды" деген дерек келтірді.

Фетхуллах Гүлен – түрік ислам уағызшысы және қоғам қайраткері болған. Ол білім беру мекемелерінің, қайырымдылық ұйымдарының, медиа компаниялардың және басқа да жобалардың желісін қамтитын "Хизмет" қозғалысын құрды. Гүленнің идеологиясы дінаралық диалогты, толеранттылықты және білім беру реформаларын белсенді қолдау болды.

2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда "әскери төңкеріс" болды, оны түрік билігі "Гүлен ұйымдастырды" деп айыптаған еді. Уағызшы болған оқиғаға қатысы бар екенін жоққа шығарды.

Бұған дейін Түркиядағы бірқатар басылымдар Гүленнің 2021 жылдың 17 қарашасына қараған түні уланып қайтыс болғанын хабарлаған еді. Алайда кейінірек FETO түрік оппозициялық ұйымы Фетхуллах Гүленнің өлімі туралы ақпарат жоққа шығарған.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды