«Үйім жоқ, қарызым көп»: Нұрлан мен Мұратты елге танытқан сазгер тіршіліктің тауқыметін тартып жүр

Аиса Махамбет Редактор
16.11.2024, 16:55
225
«Үйім жоқ, қарызым көп»: Нұрлан мен Мұратты елге танытқан сазгер тіршіліктің тауқыметін тартып жүр бейнежазбадан алынған кадр

Бүгінде қарызға белшесінен батқан ақтаулық композитор-зейнеткердің тіпті үйі де жоқ көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлықпан Жолдасовпен бірге «Маңғыстау» ансамблін құрып, «Азия дауысы» байқауына да қатысқан 64 жастағы зейнеткер-композитор Ғалымжан Сағымбаев бүгінде Ақтауда жалдамалы пәтерді жағалап жүр. Ол өз өмірі мен өнері туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтып берген. 

«Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің жұлдызын жаққан «Шашы ұзын қыз» әнінің әуенін ақтаулық Ғалымжан Сағымбаев жазған. Ол бұрын Ұлықпан Жолдасовпен бірігіп «Маңғыстау» ансамблін құрған. Бір жылдары «Азия дауысы» байқауына да қатысқан. Ол «Шашы ұзын қыз» әнінің сөзін жазған ақын Қалдыбек Ділжановпен қалай танысқанын айтты. 

«Әлгі Қалдыбек деген ақын жігіт өзімен бірге өлеңдері жазылған кітапшасын алып жүреді. Жол-жөнекей маған өлеңдерін көрсетті. Сол блокнотының ішінде «Шашы ұзын қыз» деген өлеңді жазған екен. Осыған ән керек екенін айтты. Сол кезде менің сазгерлік мансабым басталды. Ол ақын жігіт кейін марқұм боп кетті. Оның алдында да бір-екі әнім бар еді, бірақ жұртқа көрсетуге ұялып жүретінмін. Өзім ғана орындап жүрдім.

Ал «Шашы ұзын қыз» деген өлеңге ән шығарып, біз ең алғаш «Азия дауысы» байқауында орындадық.

Содан кейін сол байқауда «Сүгірдің термесі» деген туындыны орындадық. Бір айдан кейін Қыдырәлі Болманов бізді іздеп, арнайы Ақтауға келіпті. Кездесіп, сол «Сүгірдің термесін» бізден сұрап, рұқсатын алып, сөзін жазып алды. Ол кезде Қыдырәлі енді шығып жатқан жас әнші еді», – дейді сазгер Ғалымжан Сағымбаев.

Талантты сазгер бұл сұхбатында «Нұрлан мен Мұрат» тобымен ең алғаш танысқан кезін еске алды.

«Нұрлан да, Мұрат та қасымда жүрген інішектерім. Нұрлан Атыраудың жігіті, Мұрат Жаңаөзен қаласынан. Өздері келіп менімен танысты. Біздің орындап жүргенімізді естіп, Нұрлан мен Мұрат «Шашы ұзын қыз» әнін сұрап алды. Мен әнді еш қарсылықсыз бердім. «Нұрлан мен Мұрат» тобы бұл әнді өте тамаша шығарды. Ел білді, 2004-2006 жылдары бұл ән хит болды.

Нұрлан мен Мұратпен қарым-қатынасым өте жақсы. Мұрат қазір Ақтауда, театрда қызметте. Кей кезде тойға шақырып, өлең айтып кетуін өтінгенде, ешқашан бас тартпайды, ақша да сұрамайды. Нұрлан да солай. Оларға рақмет», - дейді әннің авторы. 

Сондай-ақ композитор қос жігітті елге танытқан «Шашы ұзын қыз» хиті сол кезеңдегі қоғамға қалай әсер еткенін де айтты. 

«Бір айта кетерлік қызықты оқиға бар. Дәл осы «Шашы ұзын қыз» әнінен кейін қазақ қыздары шашын өсіре бастады. Қазақстанда сондай тенденция белең алды. Бұл әннің бір үлесі – осы. Сөздері ойнақы. 

«Алма мойын, қиғаш қас, қызыл ерін
Көргендеймін бұл күннің «Қыз Жібегін»
Қырдың гүлін әдемі теріп алып
Ұсынуды сол қызға үміттендім», – 

деген сөздер тамаша ғой. Қандай поэзия! Қалдыбек ақын сондай жеңіл жазатын еді, жақсы жазатын еді», - дейді әннің авторы. 

Ғалымжан Сағымбаев хит жазса да еңбегіне қаламақы алмаған. Алғашқыда өзінің бағын өнерде сынап көргісі келгенімен, кейін бизнеске бет бұрыпты. Айтуынша, кезінде қалтасы қалың кәсіпкер еді, бүгінде далада қалған зейнеткер. Қазіргі таңда қарызға белшесінен батқан сазгердің баспанасы жоқ. Жалдамалы пәтерді жағалап, әр жерді паналап жүргенін жасырмайды.

«Осы күнге дейін «Мен өнерді сатпаймын» деген өзіме серт бердім. Қазір хит әндердің бағасы 2500-3000 долларға дейін барады екен. Бірақ мен қанша ақшасыз жүрсем де бір әнімді сатып көрген жоқпын. Үйде нан болмаған кездер де болды, қиын кезеңдер де болды. Қарызға кіріп кеткен кездер де болды. Осы уақытқа дейін Ақтауда 750 мың доллар ақшамды бизнеске салып, екі зауыт салдым. Бірақ екі зауыттан айырылдым. Әлі қабырғамды дұрыстап көтере алмай жүрсем де, әнді сатып ақша тапқан емеспін.

Қазір зейнетке шықтым, жұмыс жоқ. Зейнетақымның бәрін қарыздарыма беріп жатырмын. Осындай кезеңдер әлі де болып жатыр. Сынақтар көп болды. Шама келсе, шыдайсың ғой. Дәл қазіргі таңда үйім жоқ, қарызым көп. Ақтау қаласында жалдамалы пәтерде тұрып жатырмын. Кезінде бәрінен айырылып қалған едім», - деп композитор ауыр тағдырын баяндап берді. 

Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағының асыл тасы рекордтық бағаға аукционда сатылып, әлем жұртшылығын шошытты «Бұл Құдайдың құдіреті, кездейсоқтық емесі анық»: Айгүл Иманбаева жаңа енесін елге көрсетті (ВИДЕО) Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы «Бір арманын орындап үлгермей қалды»: Бейсен Құранбектің жары журналиспен өткізген өмірі туралы айтып берді «Үйім жоқ, қарызым көп»: Нұрлан мен Мұратты елге танытқан сазгер тіршіліктің тауқыметін тартып жүр «Маған арам дүние керек емес»: «Қазақ аруы-2024» жеңісін сатып алды дегендерге жауап берді «Вдруг өліп кетсем деп телефон тазаладым»: депутат Дәулет Мұқаев аяқасты ауруханаға түсіп қалды (ВИДЕО) «Күйеулерім ұрған сайын өнерде көтерілдім»: Бибігүл Төлегенова күйеулерінен көрген қорлығы туралы айтты (ВИДЕО) «Бір тойда үш ат мінгізді»: Заттыбек Көпбосынұлы 50 жасын дүркіретіп атап өтті Жеңілістен көз ашпаған «Барысқа» Қайрат Нұртас көмектеспек (ВИДЕО) «Қырқы өткенше үндемедік»: Талғардағы күдіктілердің туыстары Шерзаттың әкесін жазалауды талап етті (ВИДЕО) Некесін қиған күні өлтірілген 22 жастағы марқұм Диасқа қатысты облыс әкімі пікір білдірді (ВИДЕО) «Ауру қалса да, әдет қалмайды»: Студент кезде Перизат Қайрат жатақханада телефон ұрлап, оқудан шығарылған боп шықты (ВИДЕО) Мейрамбек Қартбай бастаған балуандар ел кубогында жеңімпаз атанды Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңгені жымқырған: Перизат Қайрат 2 айға қамалды «Циклон әсері»: 16 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Одан да Қазақстан шоколадының 35-ін алмайсың ба?»: Меруерт Түсіпбаева тренд қуатындарды сынады (ФОТО) «Тарихта бірінші рет»: Баян Мақсатқызы «Қазақ аруы» Ақкербезге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады «Маған айтылып жатқан әңгіме көп»: Елена Рыбакина неліктен Қазақстан атынан ойнамай жүргенін айтты (ВИДЕО) Американ жігіт өзбекстандық ғашығына бару үшін өзін өлген қып көрсетіп, елден қашып кеткен