Үйінен айырылған әйел прокуратура ғимаратында өзінің тамырын кесіп жіберді (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
27.11.2024, 12:54
569
Үйінен айырылған әйел прокуратура ғимаратында өзінің тамырын кесіп жіберді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда алаяқтардың кесірінен баспанасынан айырылған әйел прокуратура ғимаратында тамырын кесіп тастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Видеода егде жастағы әйел алаяқтың кесірінен пәтерінен айырылып қалғанын, алайда күдіктінің бостандыққа шығарылып, іс тоқтатылғанын айтады. 

Әйел өз ісіне назар аударту үшін қолындағы қан тамырын кесіп тастаған. Осының барлығын сол маңда тұрған бойжеткен камераға түсіріп тұрыпты. Ал прокуратура қызметкерлері әйелге мән бермей, тіпті алғашқы көмек көрсетуге де тырыспаған. 

Алматы прокуратурасы оқиғаның 25 қарашада болғанын хабарлады. Жергілікті тұрғын өзі жәбірленуші болып отырған қылмыстық іс бойынша күдіктіні қамауға алуды сұраған.

"Арызданушы прокуратура ғимаратында өзін жарақаттады. Әйелге медициналық көмек көрсетіліп, түсіндірме жұрмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, прокуратура ғимаратына бір уақытта бірнеше азамат алаяқтық жасау фактісі бойынша қозғалған тағы бір қылмыстық іс аясында құқық қорғау органдарының әрекетіне көңілі толмайтындарын айтқан. Жағдай бойынша прокуратура басшысының орынбасары түсініктеме берді", – деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Сондай-ақ, полиция арызданушы айтқан іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

"Күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде. Бұл ретте жәбірленушінің шағымдары анықталып жатқанын хабарлаймыз", – деп түсіндірді  полиция департаментінің өкілдері.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды