Ұлы дала дүбірі: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

16.01.2024, 16:33
1543
Ұлы дала дүбірі: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан делегациясының 16-18 ақпан аралығында өтетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысатыны нақтыланды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бүгін Түркияның Ыстамбұл қаласында еліміздің туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуіне жауапты Наиль Нұров Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанмен кездесті.

Кездесу барысында Серік Жарасбаев халықаралық маңызы бар іс-шараға дайындық жұмыстары мен ақпараттық-насихат шараларының қызу жүріп жатқанын алға тартты. Мереке маңызды болғандықтан, салтанатты шараның ашылу және жабылу салтанаты, сонымен қатар ойындардың өздері әлемнің жетекші телеарналары арқылы көрсетілуі қарастырылып жатқанын да атап өтті.

Жүздесу кезінде Біләл Ердоған екі тараптардың арасындағы қатынастардың жаңа деңгейге шықаннын атап өтіп, Қазақстанда өтетін көшпенділер ойны еліміздің этноспортын әлемге паш етудің жақсы жолы екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан делегациясының 16-18 ақпан аралығында өтетін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Конгресіне қатысатыны да нақтыланды.  

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып тұр. Биылғы ойындардың ұраны ретінде «Ұлы дала дүбірі» слоганы таңдалған болатын.

Автор: Ислам Достов

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады