«Ұзатуда дәл бұлай жыламаппын…»: Роза Әлқожа өнердегі марқұм ерлі-зайыптының қызы Нұрайшаны ұзатты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.11.2024, 14:32
3121
«Ұзатуда дәл бұлай жыламаппын…»: Роза Әлқожа өнердегі марқұм ерлі-зайыптының қызы Нұрайшаны ұзатты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Танымал әнші Роза Әлқожа марқұм болған өнерлі жұп Оразалы Досбосынов пен әнші Ажар Түзелбекқызының қызын ұзатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі марқұмдарға көзінің тірісінде берген уәдесін орындағанын айтты. 

“Жүрегім парша-парша болып кетті. Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын. Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең. “Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем” деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған. Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол!

Сен соған лайықсың! Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет! Нұрсұлтан мен Нұрайша – Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Оразалының ұлын жұмысқа тұрғызып, отау құрғанша өз қамқорлығына алғанын жазған едік. 

“Біздің қор су жаңа телефон да алып беретін болды. Әкесі марқұм тірі болса осылай жаутаңдап жүрмес еді-ау деп бір жылап алдық... Біз сені сағындық, досым! Сенімен танысқанда 20-дағы қылшылдаған жігіт едің. Міне, жалындаған 20 жасында балаң келіп тұр алдымызға... Сені халқың сағынды, Ораз! Барлық атсалысқан ағайынның садақасын Алла еселеп қайтарсын...”, – деп жазған еді ақын. 

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады