Яндекс Таксиге қатысты тергеп-тексеру ісі аяқталды

15.12.2023, 10:09
764
Яндекс Таксиге қатысты тергеп-тексеру ісі аяқталды РИАМО/Александр Манзюк

Монополияға қарсы органға ақпарат бермеген Яндекс Такси әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс Таксиге қатысты монополияға қарсы тергеулерді аяқтады.

Тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау қызметтерін жүктеуде көрсетілген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, Яндекс Такси монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды.

Сурет: Яндекс Такси

Сондай-ақ Агенттік пен Яндекс Такси монополияға қарсы комплаенс жасасып, оның аясында мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделген:

- біріншіден, жүргізушілер үшін еңбекақыны арттыру шартының бірі ретінде, егер тапсырыс жол жүру ақысының базалық құнынан екі есе асатын болса, осы жылдың 14 желтоқсанынан бастап, Яндекс комиссиясын өндіріп алуды тоқтататын болды; (экономикалық әсері жылына шамамен 2 млрд теңгеге);

- жүргізушілер үшін қосымша бонустық бағдарлама енгізу (2024 жылы сала айналымы мен инфляцияның өсуіне байланысты 7-10 млрд теңге);

- тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында тарифті не үшін көтергені  және қандай өзгеріс болғаны туралы негіздеме келтіре отыра, пайдаланушы қосымшасын жақсарту.

- екіншіден, жолаушылар үшін жаңартылған «Бірге» тарифі енгізіледі, ол тіпті ең жоғары сұраныс болып тұрғанның өзінде, төмен бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік береді (тарифті х2-ге дейін көтеруге шектеулер);

- агрегатор такси қызметтеріне ең жоғары сұраныс жағдайында, мысалы, ауа-райының қолайсыздығында немесе мереке күндері х3-тен жоғары тарифті көтеруге шектеулер енгізеді - тоқсанына аталмыш деңгейден жоғары сапарлардың саны 5% - дан аспайтын болады;  

- баламен жүретін жолаушылар үшін «балалар» тарифі енгізіледі, ол балалар креслолары немесе бустері бар автокөлікті шақыруға мүмкіндік береді.

Сурет: Яндекс Такси

Такси жүргізушілерімен тиімді қарым-қатынас жасау және клиенттермен байланысты қолдау үшін Call-орталықта «кәдімгі» оператор жұмыс істейтін болады.

  Сонымен қатар, жолаушылар мен жүргізушілердің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін келесі жүйелі шаралар қабылданды:

- Агенттік заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады, оларды енгізу жүргізушілерге Яндекс-пен таксопарксіз тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (таксопарктер комиссиясы 4-8% құрайды);

- Яндекс бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ баға белгілеуге әсер ететін факторларды (ауа райы жағдайлары, мереке күндері, сұраныстың артуы, жүргізушілердің болмауы және т.б.) егжей-тегжейлі зерделеу үшін IT саласындағы тәуелсіз аудиторлық компания Агенттікпен, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп алгоритмдік баға белгілеу аудитін жүргізеді.

Яндекс міндеттемелерінің монополияға қарсы комплаенс шеңберінде орындалуы Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында болады. Оның құрамына кәсіби қоғамдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет, цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді. Бұл туындайтын сын-қатерлерді уақтылы қарауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, болашақта бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған кезде Агенттік заңнамада белгіленген тиісті шараларды қолданатын болады. Комплаенспен толығырақ мына жерден танысуға болады.

«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады