Yandex Qazaqstan компаниясы Бейсик ТВ станциясын сатылымға шығарды

23.01.2025, 17:00
429
Yandex Qazaqstan компаниясы Бейсик ТВ станциясын сатылымға шығарды yandex

Компания дауыспен басқарылатын смарт Бейсик ТВ станциясын таныстырды.

Қазақстанда Бейсик ТВ станциясы сатылымға шықты. Бұл ақылды колонка мен смарт-ТВ функцияларын біріктіретін ТВ станциялар тізбегіндегі ең қолжетімді теледидар. Енді дыбыстық басқаруы, Алиса виртуал көмекшісі, түрлі контент пен дербес ұсынымдары бар YaOS X платформасындағы теледидарды қолжетімді бағада сатып алуға болады. Жаңа модель 43,50,55 және 65 дюймді диагональдарда ұсынылған. Көлеміне қарай бағасы сәйкесінше 179 990, 209 990, 279 990 және 349 990 теңгені құрайды.

Бейне

Бейсик ТВ станциясының тұнықтығы Ultra-HD (4К) деңгейінде, экран қанықтығы 400 кд/м²-ге дейін, сонымен қатар теледидар HDR10 форматын көтере алады. Жаңа теледидарда бейнені егжей-тегжей реттеуі бар экранды KSF LED жарықтандыру технологиясы қолданылады. Түстерді нақты айқындау үшін әр теледидар өндірістік тізбекте ақ түс теңгерімін калибрлеуден өтеді. Соның нәтижесінде бейне тұнықтығы бағасы айтарлықтай жоғары теледидарлардың сапасынан кем түспейді.

Дыбыс

Мұндай теледидар иелері музыка мен фильмдерді сапалы дыбыста тыңдай алады. Бейсик ТВ станцияларында құрылғының өлшеміне қарай 20-дан 30 Вт-қа дейін жалпы қуаттылықта кеңжолақты динамиктер орнатылған. Акустика әзірлемесі мен дыбыс баптауын Алиса ақылды колонкасын әзірлеген команда жасап шыққан.

YaOS X платформасының мүмкіндіктері

Жаңа теледидарларда ТВ станциялардың алдыңғы модельдерінде болған барлық функция сақталған. Пайдаланушылар видео көріп, музыка тыңдап, Алисамен тілесіп, ақылды үй құрылғыларын басқара алады. Фильмдер мен сериалдарды түрлі онлайн кинотеатрлардан, ал интернеттегі видеоларды – барлық танымал виедо хостингтардан іздеуге болады. Көрермен басты экранда дербес ұсынымдарды көре алады. Атап айтқанда, оларға арнап таңдалған фильмдер мен сериалдар, сүйікті телеарналар мен аяғына дейін көріп үлгермеген сериалдар ұсынылады.

YaOS X платформасы мен Farfield микрофондар блогы арқылы құрылғыны пульт қолданбастан дауыс арқылы басқаруға болады. Құрылғыға тапсырманы қалай ыңғайлы солай беруге болады: смарт-функциялар арқылы ақылды теледидар түрлі сөз тіркестері мен командаларды түсінеді, оларды тез орындайды. Бұдан басқа теледидар экранда не болып жатқанын бақылайды. Мысалы Алисаға арнаны ауыстыр және дыбысты зорайт немесе футбол ойыны аяқталған кезде теледидарды сөндір деп айтуға болады. ТВ станциялардағы смарт-функциялар орыс тілінде қолжетімді.

Алиса орыс тілінде тілдескенде YandexGPT нейрожелісін қолданады. Желі Алисаға күрделі сұрауларды қарапайым сөздермен түсіндіруге, идеялар ұсынып, әңгімелесу ретін сақтауға мүмкіндік береді. Алиса сұраққа жауап табуға көмектесіп, күн райы туралы мәлімет береді. Оның көмегімен музыканы қосып, оятқыш пен таймер уақытын белгілеуге болады. Осы функциялардың барлығы теледидар экраны сөніп тұрса да істейді.

ТВ станциялардағы жаңа функциялар

Бейсик ТВ станциялары шығысымен YaOS X платформасы бар барлық теледидарда жаңа функциялар пайда болды: Мысалы, дауыс арқылы дербес команда беруге болады. Енді отбасының әр мүшесі өзіне аккаунт ашып, көмекшімен таныса алады. Ол үшін «Алиса, давай познакомимся» деп айту жеткілікті. Алиса сол адамның даусын есте сақтап, үйдің қай мүшесі сөйлеп жатқанын білетін болады. Бұл қадам дербес ұсынымдарды жақсартып, отбасы мүшелері үшін құрылғыны басқару ыңғайлығын арттыра түседі. Мысалы, «Переключи на мой профиль» командасы нақты аккаунтты анықтамай-ақ іске асырылады, ал «Поставь мою музыку» командасы арқылы Алисамен тілдесіп жатқан адам ұнататын туындылар шырқалады.

Сонымен қатар караоке режимі пайда болды. ТВ станцияда музыка тыңдаған кезде «без вокала» опциясын таңдаса, ән шырқап тұрған әртістің дауысы бәсеңдеп, композицияның әуені ғана естіледі. Караоке режимінде 500 орындаушы шырқайтын 2,5 мыңға жуық трек қолжетімді, сондай-ақ әндер каталогы үнемі жаңартылып тұрады.

Смартфон экранын енді телевизорға шығаруға болады – пайдаланушылар смартфонындағы фото және видеконтентін енді үлкен экраннан тамашалай алады. Ол үшін екі құрылғыға да Eshare серіктес қолданбасын жүктеп алу қажет.

Бейсик ТВ станциясын «Мобил Плюс» дүкендері мен Kaspi маркетплейсінен сатып алуға болады.

Yandex Qazaqstan – машиналық оқу және нейро желі негізінде өнімдер мен сервистерді жасайтын технологиялық компания. Компания мамандары пайдаланушылардың өмірін жақсартуға және Қазақстанда цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Қазіргі кезде елде іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық бағытында сервистер жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларды жетілдіруге атсалысады. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды