«Заңсыз бизнесі бар»: саясаткер Хасанның қалай байығаны тексерілсін деп талап қойды

11.11.2024, 16:36
18014
«Заңсыз бизнесі бар»: саясаткер Хасанның қалай байығаны тексерілсін деп талап қойды коллаж smartnews.kz

Хасанның әйеліне тиесілі бірнеше бизнес пен үйлер, жер телімдері анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, министрлік Талғар маңында пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге ешкімнің құқығы жоқ екенін мәлімдеген. Бірақ Талғарлық Хасан Қасымбаевтың бетон зауыты бар боп шықты.

Саясаткер Ермұхамет Ертісбаев пен азаматтық белсенді Жарқын Күрентаев күдіктінің бұл бизнесін - заңсыз бизнес деп бағалап отыр. Олар Талғарда ұсталған Хасан Қасымбаевтың қалай байығаны тексерілсін деп құзырлы органдарға үндеу тастады.

Хасан кәсіпкер ретінде тіркелген. Оның бетон зауыты бар. Осыдан кейін ең қызығы басталады, - дейді Ермұхамет Ертісбаев.

Күрентаевтің айтуынша, Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінде өте үлкен, массивті карьерлер бар. Онда ұсақ тас, құм – қатты пайдалы қазбалар қазылады. 

Менің қолымда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хаты бар. Онда «министрліктің жер қойнауын пайдаланушылар реестріне сәйкес, Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі аумағында қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіру құқығы ешкімде жоқ» деп жазылған. Мұны министрлік жазып отыр. Ал біз Талғарда қаншама карьер барын білеміз.

Соған қарамастан Хасан Қасымбаев мырзада бетон зауыт бар. Яғни, Талғар ауданында факт жағынан карьерлер бар. Министрлік ол жақта жоқ дейді. Ол сонда шикізатты қайдан алады? - деп сұрады Жарқын Күрентаев.

Ермұхамет Ертісбаев талғарлық Хасан Қасымбаевтың ағасы әкімдікте жұмыс істегенін есепке ала отырып, оның табысқа қалай кенелгенін құқық қорғау органдары тексеруі керек деп жеткізді.   

Ал Курсив басылымы Хасан Қасымбаевтың атына тіркелген бизнес пен мүліктің жоқтығын байқаған. Керісінше, оның әйелі Зүлфия Қасымбаеваның есімімен сәйкес әйел адамға Талғар қаласынан екі қабатты ғимарат пен үй, сондай-ақ Рысқұлов ауылынан (бұрынғы атауы Хутор) үй мен жер учаскесі тіркелген боп шықты.

«Күйеуімнің ешбір қылмыстық топқа да, ешқандай қылмысқа да қатысы жоқ» деп Тоқаевқа үндеу жасаған Зүлфия Қасымбаеваның айтуынша, Хасан Қасымбаев мал шаруашылығымен айналысады. Одан бөлек кішігірім бетон зауытына иелік етеді. Алайда Хасан Қасымбаевқа немесе оның анасы Гүлнар Нұракеноваға тіркелген бизнес туралы ашық көздерден бетон зауыты мен мал шаруашылығына қатысты қандай да бір деректі табу мүмкін емес.

Дегенмен Зүлфия Қасымбаева есімді кәсіпкер туралы бірқатар ақпаратқа қолжеткізу оңай болып шықты. Kompra сервисінің дерегінше, бұл адам 2019 жылы «ИП Айсұлтан» атымен жеке кәсіпкерлікке тіркелген. Ұйым жеке меншікті және жалдау қызметтерін басқарумен айналысады деп көрсетілген. Сонымен қатар Хасанның әйелімен аттас Зүлфия Қасымбаеваға жоғарыда атап өткендей, Талғар ауданындағы Рысқұлов ауылында жер учаскесі мен үй, сондай-ақ Талғар қаласының өзіндегі жеке үй мен көпқабатты ғимарат тиесілі.

Ал 2GIS сервисінің дерегі бойынша, бұл Талғардағы ғимаратта алты бизнес субъектісі жұмыс істейді. Ғимаратта SPA орталығы мен косметология студиясы, сұлулық салоны, балалар орталығы, тұз үңгірі, диагностикалық зертхана және дүкен бар.

«Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады Мотоцикл жүргізуші жол жиегінде отырған жұмысшы ерлі-зайыпты мен жас жігітті қағып өлтірді Астанада әйел адам араға 59 жыл салып анасын тапты Жиһад насихаттап, әскер жасақтаған шымкенттік 8 жылға бас бостандығынан айырылды «Онлайн эфир болмайды»: Шерзаттың өліміне қатысты сот Талдықорғанда өтеді АҚШ-тың Қазақстанға енгізген баж салығын Үкімет есептеп жатыр «Колледж бітірген маңғыстаулық қыз»: Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні кім екені белгілі болды Дауға айналған «НДС»: Қосымша құн салығының мөлшері 16% болады Астаналық 8 жасар ерекше бала марафондарды бағындыруда Полицейді көлігінің капотында сүйреген тұрғын сотталды Былтыр ғана тағайындалған «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті «Эмоцияға берілмеуге көмектеседі»: Енді елімізде ажырасу қымбаттайды Тұман, найзағай, шаңды дауыл: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ақбота Керімбекова Қытайға барып, 7 айдан бері көрмеген ұлымен қауышты Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ «Әйел де жетісіп тұрған жоқ»: Ырысбала Икрамбай актер Шәріп Серікті жақтады Оралдық қыз кездесуге арнайы ұшып келген италианды «лақтырып кеткен» Қырғызстан мешіт салуға шектеу енгізбек